Назар аударыңыз: конкурс!

    • АЛМАТЫ. 16 шілде. Баспасөз орталығы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

      1. Комплаенс қызметінің басшысы

      2. Комплаенс офицері

       

      1. Комплаенс қызметі басшысының лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

      1. Бейінді салаларда – құқықтану, қаржы, экономика немесе басқа да аралас бағыттарда жоғары білімінің болуы;

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы немесе комплаенс саласындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

       

      Лауазымдық міндеттері:

      - Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты мониторинг жүргізу;

      - Қоғам қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жергілікті нормативтік актілерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      - Мүдделер қақтығысын анықтау және компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкестігі тұрғысынан Қоғам ресімдейтін құжаттарына, жасалатын шарттарға және қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық сараптама жүргізу;

      - Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша кіріс шағымдарды қарау, әрбір бұзушылық бойынша тергеу жүргізу;

      - Мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара әрекеттесу;

      - Жұмыс топтарының/тергеп-тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру (келесі бағыттардың өкілдерін тарту мүмкіндігімен: ішкі аудит, тәуекелдер және ішкі бақылау, құқықтық сүйемелдеу, қауіпсіздік, адам ресурстарын басқару);

      - Түзету шаралары толық аяқталып және қабылданғанға дейін тексеру процесін үйлестіру;

      - Контрагенттердің іс-қимылдарын компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкестігі тұрғысынан бағалауды жүргізу.

       

      2. Комплаенс офицері лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

      1. Бейінді салаларда – құқықтану, қаржы, экономика немесе басқа да аралас бағыттарда жоғары білімінің болуы;

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы немесе комплаенс саласындағы 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

       

      Лауазымдық міндеттері:

      - Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын бұзған қызметкерлермен және білім алушылармен келіссөздер жүргізеді және даулы мәселелерді реттейді;

      - Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша кіріс шағымдарды қарайды, әрбір бұзушылық бойынша тергеу жүргізеді;

      - Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына олардың бөлімшелері қызметінің және олар әзірлейтін құжаттаманың қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкестігі туралы кеңес береді;

      - Тергеп-тексеру жөніндегі жұмыс топтарын/комиссияларды қалыптастырады (келесі бағыттардың өкілдерін тарту мүмкіндігімен: ішкі аудит, тәуекелдер және ішкі бақылау, құқықтық сүйемелдеу, қауіпсіздік, адам ресурстарын басқару);

      - Түзету шаралары толық аяқталғанға және қабылданғанға дейін тергеу жүргізеді;

      - Коммерциялық немесе өзге құпия болып табылатын ақпарат пен мәліметтердің  жария етілмеуін сақтайды.

      - Контрагенттердің іс-қимылдарын компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкестігі тұрғысынан бағалауды жүргізеді.

       

      Конкурсқа қатысу шарттары:

      Конкурсқа қатысушы келесі құжаттарды ұсынады:

      1. Түйіндеме (жұмысқа қабылдаудың және жұмыстан босатудың толық күнін, сондай-ақ ҚР ЕК бойынша еңбек шартын бұзу бабын көрсете отырып);

      2. Жеке куәлік көшірмесі;

      3. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

      4. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

      5. Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

       

      Құжаттар бос лауазым орыны жарияланған күннен бастап екі апта ішінде қабылданады.

      Қажет болған жағдайда өтініш берушіден осы конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылымыз.

       

      Құжаттарды келесі электронды мекенжайға жолдау қажет:

      nurai-79@mail.ru немесе келесі мекенжайы бойынша: 050000, Алматы қ. Гоголь көшесі, 114, Корпус-1, 126 кабинет.

      Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 237 00 37; +7 705 470 9201.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com