Бейімдеу апталығының кестесі

    • 2020 жылдың 1-4 қыркүйек аралығында бейімдеу апталығы өтеді. Осы кезеңде жоғары мектептер мен институттардың декандарымен, сондай-ақ тіркеу-кеңсесі, студенттерге қызмет көрсету орталығы, электронды кітапхана, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, әлеуметтік жұмыс бөлімі сияқты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Бұл кездесулерді ұйымдастыру студенттердің академиялық және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған. Кездесулер кезінде студенттерді:

      1. «UNIVER» жүйесінің жұмыс тәртібімен және студенттің жеке кабинетімен толығырақ таныстыру;

      2. Қашықтықтан оқыту форматы, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары;
      3. Академиялық ұтқырлық және қосдипломдық білім беру бағдарламасы туралы ақпарат;

      4. Оқу практикасы және студенттерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат;

      5. Студенттерге қызмет көрсету орталығымен және тіркеу-кеңсесімен кездесу;

      Сіз барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Кездесулер онлайн режимінде zoom платформасында өткізіледі, толығырақ төмендегі кестені қараңыз: