Басқарма мүшесі - инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды



    • Басқарма мүшесі - инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі - инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор лауазымының бос орнына конкурс жариялайды:

      Қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.

      Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшы қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.

      Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

      1. жиырма бес жасқа толмаған;
      2. бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
      3. белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):

      1)  белгіленген нысанда өтініш;

      2)  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3)  3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

      4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

      • Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен  берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
      • «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
      • өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері  қоса тіркеледі.

      5)  жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6)  № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

      7)  мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8)  мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9)  қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжаттар:

      • Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік және террористік қылмыстар, адам саудасы.
      • Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

      10) жеке тұлғаның және олардың жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00-нысан).

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99 (104 каб.) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7272) 37-00-92, 8 (705)-470-92-01, e-mail: a.nagym@kazmkpu.kz

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz