Birge oqý

    •  

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері, болашақ елдің мұғалімдері Birge oqý платформасындағы «Онлайн педагогика 2.0» курсын аяқтады.

      «Birge oqý» жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың қашықтықтан білім беру форматына ауыртпалықсыз ауысуын ұйымдастыру - мұғалімдерге онлайн оқыту әлемінде адасып қалмауға көмектесу, мифтерді жою және ата-ана қорқынышын азайту, балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру.

      Бұл жобаны «Елбасы академиясы» КҚ және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды. Тренинг екі тілде өтті. Болашақ мұғалімдер қашықтықтан оқытудың терминологиясы мен стандарттарын, сондай-ақ жаңа технологиялар мен онлайн оқыту құралдарын үйренді.

      Курс соңында қатысушылар пән бойынша курсты дайындады, ал ең жақсы студенттер ауыл балаларына арналған «El Úmiti» интернет-мектебінде жұмыс істеуге тьюторларды таңдауға қатысты.

      Ең жақсы жұмыстарды мына жерден көре аласыз