Экономика және бизнес кафедрасы

    • ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС КАФЕДРА ТАРИХЫ 

      Экономика және бизнес кафедрасы 2001 жылы құрылған және Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің жетекші кафедраларының бірі болып саналады. Кафедра оқу үрдісі ең үздік классикалық дәстүрлерге сүйене отырып, заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

      Қазіргі таңда кафедрада 3 профессор мен ғылым докторлары, 4 доцент пен ғылым кандидаттары, 6 аға оқытушы  сабақ береді. Кафедра мамандары жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарынан білім алған және компьютерлік технологияны қолданып экономика, есеп және аудит, туризм мамандықтары пәндерін оқытуға байланысты оқу-әдістемелік жұмыстарын үнемі басылымға шығарып отырады. Жоғары мамандандырылған кафедра ұжымы  студенттердің терең білім алуына жағдай жасайды.

      Университетте кафедра мамандықтары бойынша  ЛАМС (LAMS)  Ұлыбритания және Миссисипи университеттерімен қос диплом бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

      ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

      Кафедра ғылыми-зерттеу жұмысына ерекше көңіл бөледі және бұл жұмысқа кафедра ұжымының барлық оқытушылары белсене қатысады. Оқытушылар кафедраның ғылыми тақырыбы аясында «Қазақстан Республикасы экономикасының үдемелі индустралды-инновациялық дамуы: қазіргі жағдайы, мәселесі және болашағы» ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады, ол 2011 жылдан жүргізіле бастады  және жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламамен тікелей байланысты. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының барлық бағытын үйлестіру жұмысы университеттің ғылым бөлімінде жүргізіледі.

      Кафедра оқытушыларының ғылыми тақырыппен байланысты ғылыми мақалалары жыл сайынғы шығып тұратын «Хабаршы» журналының №3 нөмірінде жарияланып тұрады. Сонымен бірге олар халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, мақалаларын жариялайды. Соңғы жылдары кафедра ПОҚ-ы еңбектерін шет елдерде белсенді түрде шығара бастады.                           

      Соңғы 3 жылдың нәтижесі бойынша шыққан оқулықтар мен оқу құралдарының жалпы саны – 9 (104,97 б.т.), ЖАК журналында жарияланған мақалалар – 9 (3,1 б.т.), халықаралық-ғылыми практикалық конференцияларда жарияланған мақалалар – 36 (10,98 б.т), Қамемқызпу-дың «Хабаршы» журналында жарияланған мақалалар саны – 20 (4,9 б.т.).

      КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАР

      Мамандық студенттерінің терең білім алып, білікті маман болуына өз үлестерін қосып жүрген кафедра профессор-оқытушылар құрамының жетістіктері жеткілікті. Олардың ішінде:

      – «ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегерлері атанған, э.ғ.к., профессор Ш.З. Заманбеков

      – 2010 жылы мемлекетіміздің білім беру саласындағы жемісті еңбегі және елімізге қажетті білікті мамандар даярлаудағы үлесі үшін доцент Жүнісов Қалижан Ғабдішүкірұлы Университет құрмет грамотасымен марапатталған;

      – 2011 жылы кафедра меңгерушісі Ш.З. Заманбеков мемлекетіміздің білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін «Оқулық шығару» номинациясы бойынша университет тарапынан құрмет грамотасымен марапатталған;

      – 2011 жылы аға оқытушы М.О. Қойшыбаева ҚР білім және ғылым министрлігі және Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімшілігі тарапынан «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық» мерей тойына арналған медальмен марапатталған;

      –   2014 жылы кафедра профессоры Ш. Заманбеков ҚР БжҒМ – нің «Ы. Алтынсарин»     

          төсбелгісімен марапатталған;

      – 2013 жылы сәуір айында өткен «Қазақстанның кластерлі-инновациялық даму жағдайындағы туристік және географиялық өлкетану» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуге және білім жүйесінің деңгейін жақсартуға қосқан үлестері үшін кафедра мұғалімдері университеттің алғыс хатымен марапатталды.

      Қазақстан қор биржасының  жас мамандар әсіресе қаржы, экономика, есеп және аудит  мамандықтары студенттері үшін аранайы ұйымдастырып жатқан шаралары мен жобалары аз емес. Ол үшін  қаржы жүйесінде  арнайы оқу алаңы, яғни жүйе  жасалған. Бұл жүйе қор нарығындағы шынайы жұмысқа негізделіп жасалған. Акциялар мен облигациялардың құны мен саудасының қалай өтіп жатқаны көрсетіліп тұрады. Осындай  студенттер қауымына арналған  ерекше жобалардың  бірі «Биржалық серпін».

      2008 жылдан бастап ұйымдастырылып  және өткізіліп келе  жатқан жобаға биыл тура 10жыл. Ағымдағы жылдағы  «Биржалық серпін» жобасына қатысуға біздің университет  студенттері де шақыру алды. Жоба 17- қыркүйекпен 17 қазан  аралығында өтті.

      Университет тарапынан Әлеуметтік-гуманитарлық факультет деканы Аширбекова Жамал Базылқызының ұйымдастырушылық және  белсенділік танытуы барысында университетіміздің «Есеп және Аудит» 2-курс, «Экономика» 4-курс студенттері арасыннан 15 студент аталмыш жобаға қатысып, 12-студент жобадағы ерекше белсенділіктері және қаржылық сауаттылықтары үшін арнайы сертификат иелері атанды.Жоба барысында қыздарымыз өздеріне  қажетті  тәжрибие мен қаржылық біліктіліктерін едәуір молойта алды