Құқық және басқару негіздері кафедрасы

    • Кафедра тарихы

      Кафедра Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2004 жылдың 28 тамызындағы №168 бұйрығымен “Құқық және экономикалық теория” атауымен құрылды. Алғашқыда кафедра 5В011500 – “Құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша кадрлар дайындау үшін және университеттің барлық мамандықтарына “Құқық негіздері” мен “Экономикалық теория негіздері” пәндерін өткізу үшін ашылды. 2005-2006 оқу жылынан бастап кафедра 5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша кадрларды дайындай бастады.

      2009-2010 оқу жылының басында кафедраға 5В050700 – Менеджмент мамандығын беруге байланысты университеттің 2009 жылдың 25 тамызындағы №29 бұйрығына сәйкес кафедра атауы “Құқық және басқару негіздері” болып өзгертілді.

      Қазіргі уақытта “Құқық және басқару негіздері” кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің құрамында бола отырып, келесі мамандық бойынша кадрлар дайындығын жүзеге асырумен айналысады:

      6В01405 – “Құқық және экономика негіздері”;

      Сонымен бірге жалпы университет бойынша барлық мамандықтарда “Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру” пәнінен дәріс береді.

      6В01405 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавры: орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде  және басқа да орта арнайы оқу орындарында экономика және құқық негіздерінің маманы ретінде және Ішкі Істер органдарында кіші жасөспірім істері бойынша инспекторы қызметіне жұмысқа алынатын маман ретінде танылады. Сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті жоғарлату институттарында, арнайы мекемелерде, кеңселерде) кеңес беруші; фирмаларда; кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер және т.б. жұмыстарда қызмет атқарады.

      Кафедраның профессор-оқытушы құрамы.

      Кафедраның жинақталымы 100% құрайды. Барлық оқытушылардың сәйкес базалық білімі бар. Мемлекеттік тілде сабақ беретін ПОҚ үлесі 100% құрайды.

      Кафедрада 15 оқытушы педагогикалық қызметін жүзеге асырады, соның ішінде, 1 ғылым докторы, доцент, 1 ғылым кандидаты, профессор, 3 ғылым кандидаты, доценттер, 1 ғылым кандидаты, қауым профессор м.а., 4 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 4 магистр, 1 аға оқытушы. Кафедраның ғылыми дәрежелігі 66,6%.

      Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты Ыбышова Салтанат Тұрғынбекқызы.

      Ағымдағы жылдың 12-27 қараша аралығында халықаралық ынтымақтастық аясында университет басшылығының шақыруымен Нийде қаласының Өмер Халисдемир университетінен профессор, PhD докторы Фатих Южель келді. Түркиядан келген профессордың дәрістері әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастарды мәселелерін қамтиды, бұдан басқа профессор Scopus, Thomson Reuters журналдарында мақалаларды жариялау тәжірибесімен бөліседі.

      Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары басты назарда тұрады. Жыл сайын кафедра студенттері, студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін алуан түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ, пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысады.