Ғылыми басылымдар мониторингі бөлімі

    • Мақсаты : ғылыми басылымдарды дайындау және басып шығару мәселелері бойынша бірыңғай саясат жүргізу.

      Негізгі міндеті:

      • Университеттің ғылыми басылымдар сапасын көтеру, профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқарушы персонал және білім алушылардың ғылыми басылымдар (монографиялар, ғылыми мақалалар, конференциялар жинақтары т.б.) мазмұны мен полиграфиялық орындалуына қойылатын нормативтік талаптарды сақтауы;
      • профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың жылдық жоспарларына сәйкес ғылыми басылымдарын уақтылы дайындау және жариялау;
      • профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың, оның ішінде Scopus, Web of Science базаларымен индекстелетін басылымдардағы жарияланымдық белсенділігіне мониторинг және талдау;
      • университет және оның қызметкерлерінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.

       Қызметтері:

      • Ғылыми жарияланымдарды - мақалаларды, монографияларды, ғылыми-әдістемелік, оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау мәселелері бойынша профессорлық-педагогикалық құрам мен білім алушыларға кеңес беру және оқыту;
      • Scopus, Web of Science индекстелетін басылымдар үшін ғылыми жұмыстарды дайындауда профессор-оқытушылар құрамына көмек беру;
      • Университет  ғылыми басылымдарының сапасын Академиялық адалдық, плагиаттың болмауы, университет және оның қызметкерлерінің зияткерлік меншік құқықтары сақталуы тұрғысынан бақылау;
      • Профессор-оқытушылар құрамы монографияларының қолжазбаларын монографияларды дайындау жөніндегі ереженің талаптарына сәйкестігін қарау;
      • "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы" журналының басылымы.