Корпоративті басқару туралы Ереже

    • Директорлар кеңесі

      Жалғыз акционердің Заңмен және осы Жарғымен құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, университет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, Қоғам Жарғысын, осы Ережені, Жалғыз акционердің шешімдерін басшылыққа алады.

      Корпоративтік хатшы

      Корпоративтік хатшы лауазымы Директорлар кеңесінің қызметін ұйымдастыруды, университеттің органдары мен лауазымды тұлғалардың Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару ережелері мен рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Корпоративтік хатшы университеттің штаттық қызметкері болып табылады, өз міндеттерін тұрақты негізде толық жұмыс күні тәртібінде атқарады. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне және Директорлар кеңесінің төрағасына есеп береді. Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және осы Ережеге, университеттің басқа да ішкі құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      Ішкі аудит қызметі

      Ішкі аудит қызметі (аудитор) университеттің қаржы-шаруашылық қызметін және корпоративтік басқару құжаттарының орындалуын бақылайды, тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлейді және кеңес береді.

      Ішкі аудит қызметі (аудитор) тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, құқықтары, жауапкершілігі және жұмыс тәртібі Директорлар кеңесі бекітетін университеттің ішкі аудит қызметі туралы Ережемен анықталады.

      Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің және   атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.