Бос орындар

      • «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2023-2024 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының және осыған сәйкес тұлғалардың бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

        Филология институты

        • Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары;
        • «Қазақ әдебиеті» кафедрасы: Бағдарлама көшбасшысы;
        • «Қазақ тілін оқыту теориясы мен методологиясы» кафедрасы: Бағдарлама көшбасшысы.

        Жалпы біліктілік талаптары:

        • Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары: «Педагог» кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1;7.2 деңгейшелері), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы, мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесінің, ғылым магистры академиялық дәрежесінің болуы; білім беру ұйымдарында басшылық қызметте немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің және (немесе) ғылыми-зерттеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес болуы; мүмкіндігінше басқару менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
        •  Институт кафедрасының бағдарламалық көшбасшысы: «Педагог» кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1;8.2 деңгейшелері), 7 (7.1;7.2 деңгейшелері), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы (философия докторы), мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, мүмкіндігінше басқару менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

        Қажетті құжаттар тізімі:

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш (1 Қосымша) береді. Өтінішпен бірге мына құжаттарды тапсырады:      

        • кадр есебі бойынша жеке іс-парағы;
        • өмірбаяны (2 Қосымша);
        • үміткердің сауалнамасы (4 Қосымша);
        • жоғары білімін растайтын диплом (қосымшасымен бірге), академиялық және ғылыми дәрежесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
        • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда), халықаралық тілдік курстардан өткені туралы сертификат (IELTS/TOEFL/PTE/FCE) және салыстыру үшін түпнұсқалар (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
        • кафедра меңгерушісі/Бағдарламалық көшбасшы және Қоғамның Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы куәландырған, педагог қызметкердің (автор) қолы қойылған, конкурстан өту алдындағы кезеңде жарияланған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
        • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада №21579 болып тіркелген, Денсаулық сақтау министрі м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамасы.
        • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есептері бойынша адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
        •  сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер үшін).

        Конкурсқа қатысатын штаттық педагог қызметкерлер үшін:

        • толтырылған сауалнамалар ақпараттың дұрыстығына Бағдарламалық көшбасшының қарастырылуына беріледі.
        • Қарау нәтижелері бойынша, анықталған ескертулер мен түзетулерді ескере отырып, Бағдарламалық көшбасшылар Сауалнамаларды бекітеді.
        • Кафедраның үш жетекші маманын қатыстыра отырып, конкурсқа қатысатын штаттық педагог қызметкерлердің қызметін бағалау үшін «Оқытушының қызметін бағалау жөніндегі сауалнаманы» (5-Қосымша) толтырады.

        !!! Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: 29.09.2023ж.

        !!! Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (KPI нәтижелері, мінездеме және басқалар) сұратуға құқылы.

        !!! Құжаттарды hr@qyzpu.edu.kz  электронды мекен-жайға немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, 124-кабинет мекен-жайына жолдаңыз.

        !!! Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 237 00 02, + 7 777 647 15 89, + 7 702 261 35 17