АЛМАТЫ. 10 қаңтар. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы бірнеше мектепте жиын өткізді.

Атап айтқанда, кафедра ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымымен кездесу барысында жалпы білім беру ұйымдарындағы жаңартылған білім беру  бағдарламасының мазмұнына сәйкес пәндер мен бітірші түлектердің еңбек қызметін және жұмыс берушілердің болашақ мамандарға қоятын талаптары жайлы мәселелер қарастырылды. Жиын аясында НЗМ-ның «Өнер» пәнінің мұғалімі Алдахияр Халендаров жаңартылған «Көркем еңбек» пәнінің күнтізбелік жоспарымен таныстырып, оның әрбір бөлімінің ерекшеліктеріне талдау жүргізді. Сонымен қатар ол оқыту нәтижесінде сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен оқытудағы көшбасшылық қабілеттер жайлы атап өтті.

А. Халендаров оқу бағдарламасының білім беру бағыттары, визуалды өнер, сәндік-қолданбалы өнер, дизайн мен технология бөлімдері, роботты техника және технологиясы, киім үлгілерін модельдеу бойынша қосымша білім беру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

Ал Алматы қаласындағы №147 гимназияның «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Гүлназ Тоқабаева жаңа оқулық пен әдістемелік құралдарды қолдана отырып, жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жете меңгеруі қажеттігін, олардың шығармашылық ойлау дағдысы мен тілдік құзіреттілік дағдысы жоғары болуы тиістігін назарға алды.

– Болашақ «Көркем еңбек» пәні мұғалімі мамандарын даярлау мәселесінде ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы, оның жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ету үлкен маңызға ие болып отыр, бүгінде. Бұл тарапта Қыздар университетінің Кәсіптік білім кафедрасы жаңа форматтағы педагогтарды даярлауға ерекше мән береді, – деп атап өтті кафедра меңгерушісі Рахия Дәрменова.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.