АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Qyzdar Ýnıversıteti Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдері мен факультеттерінің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша желтоқсан айының рейтингісі жасалды.

Рейтингті жүргізудегі мақсат – оқу орнының қоғамдағы беделін медиа ресурстары арқылы қалыптастыруға ықпал ету, құрылымдық бөлімдер мен факультеттермен бірге университеттің қызметі туралы стратегиялық ақпараттық-жарнамалық мәліметтерді әзірлеу және отандық ақпараттық кеңістікте оқу орнының имидждін арттыру.

Ақпараттық-имидждік жарияланымдар бойынша қараша айының рейтингісіне Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент, Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі департамент, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, Педагогика және психология факультеті, Жаратылыстану факультеті, Өнер және мәдениет факультеті мен Физика-математика факультеті қатысты.

2018 жылдың желтоқсан айындағы құрылымдық бөлімдер мен факультеттердің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша рейтинг қорытындыларына сәйкес қатысушылар 3 топқа бөлінді.

Ақпараттық қамтамасыз етуде даму деңгейі жоғары бірінші топқа келесі бөлімдер мен факультеттер кірді:

1-орын Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті (көрсеткіші: 41);

2-орын Педагогика және психология факультеті (көрсеткіші: 36);

3-орын Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі департамент (көрсеткіші: 35).

Ақпараттық қамтамасыз етуде даму деңгейі орташа екінші топқа келесі бөлімдер мен факультеттер кірді:

4-орын Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті (көрсеткіші: 29);

5-орын Физика-математика факультеті (көрсеткіші: 27);

6-орын Өнер және мәдениет факультеті (көрсеткіші: 22).

Ақпараттық қамтамасыз етуде даму деңгейі төмен үшінші топқа келесі бөлімдер мен факультеттер кірді:

7-орын Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент (көрсеткіші: 21);

8-орын Жаратылыстану факультеті (көрсеткіші: 7).

Айта кетейік, Рейтингті есептеу әдістемесі бес құраушы бағыт бойынша негізделіп жүргізілді.

1-бағыт – Kazmkpu.kz интернет-ресурсының «Жаңалықтар» категориясындағы ақпараттық  жарияланым көрсеткіші;

2-бағыт – «Qyzdar Ýnıversıteti» газетіндегі ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым көрсеткіші;  

3-бағыт – республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым көрсеткіші;

4-бағыт – республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарындағы профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым көрсеткіші;

5-бағыт – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына орналастырылған ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым көрсеткіші.

Құрылымдық бөлімдер мен факультеттердің ақпараттық-имидждік жарияланымдары бойынша рейтингі әдістемесі бойынша құрылымдық бөлімдер мен факультеттер қызметін бағалау өздері ұсынған ақпараттар мен БАҚ бетінде жарық көргенді растайтын мәліметтер бойынша жүргізілді.

Ақпараттық материалдар мен жарық көрген жарияланымдар Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінде қабылданады.

Рейтинг пен мониторинг әр ай сайын жүргізіліп отырады және қорытындысы университет Ғылыми кеңесі мен ректорат отырысында, Kazmkpu.kz ресми интернет-ресурсында, «Qyzdar Ýnıversıteti» газетінде және университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады.

Рейтинг нәтижесі Баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне келіп түскен ақпараттар мен жарияланымдар негізінде шығарылады.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.