АЛМАТЫ. 4 ақпан. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне арналған «StartUp жобаңды баста!» тақырыбында тренинг өтті.

Жастардың ғылыми жаңа идеяларға қызығушылығын арттыру, бизнесті дамыту мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сыныбында бірнеше жобаның авторы өз ойларымен бөлісті.

Дәулет Дүкенбай – «Bastau innovation» командасының жетекшілерінің бірі, бірнеше стартап жобаның авторы. Сондай-ақ ол easyBus қалаарлық автобус билетін онлайн сатып алу желісін ұсынған. Жиын барысында Дәулет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылған «Алгоритм» студенттік бизнес инкубаторда жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтты.

– Елімізде тұңғыш рет ашылған орталық «Шағын және орта бизнестегі инновация» мен «Университеттің дамуындағы басым бағыттарды дамыту» жөніндегі жобаларды қолдау мақсатында қызмет атқарады. Инкубатор жас ғалымдар өз жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтармен, түрлі ресурстармен қамтылған, – дейді Д. Дүкенбай өз сөзінде.

Сонымен қатар тренингте web-бағдарламашы, интернет маркетолог Айсұлтан Кеңес «Стартап жобаны университет қабырғасында бастаудың артықшылықтары», жеке кәсіпкер, «Iso Business Group» компаниясының негізін салушы Исмайл Құлан «Стартап жобаны үлкен бизнеске қалай айналдыруға болады?» және «Senl’m» хостелдер желісінің иесі, бизнес тренер Рысдәулет Тәжібайұлы «Самоменеджмент» тақырыптарында ірі идеяларды жүзеге асырудың жолдарын айтып, бастаған істі кеңейтудің алғышарттарын ұсынды.

Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі департаментінің «Ғылыми бейсенбі» жобасы аясында ұйымдастырылған жиын соңында Қыздар университетінің студенттері тақырып төңірегінде сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан толық әрі нақты жауап алды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.