Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир Университеті (Түркия) арасындағы келісімшарт негізінде сіздерді 2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Халықаралық ынтымақтастық бөлімі өтініштерді 2019 жылғы ақпан айының 12-20 аралығында қабылдайды.(Қосымша 1).

 

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Студенттер, магистранттар және докторанттар:

– Өтініш толтыру;(Қосымша 2)

– Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат);

– Паспорт көшірмесі;

– Транскрипт (ағылшын тілінде).

 

Білім алушыларға арналған талаптар:

– Бакалавриат – 4.0 балл бойынша GPA 2.5;

– Магистратура – 4.0 балл бойынша GPA 3.0.

 

Профессор-оқытушылар құрамы:

– Өтініш толтыру;(Қосымша 3)

– Түйіндеме (ағылшын тілінде);

– Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат);

– Паспорт көшірмесі;

– Академиялық портфолио (орындалған, орындалып жатқан және жоспарланған жобалар тізімі, мақалалар туралы мәліметтер).

 

Іріктеу критерийлері:

– жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің деңгейін растайтын құжат болу міндетті).(Қосымша 4)

2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасы туралы толық ақпарат мына сілтемеде: http://www.ohu.edu.tr/mevlanaexchange/announcement/13906

 

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз.

Байланыс тел.: +7 (727) 233-89-08.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.