АЛМАТЫ. 1 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Құрметті әріптестер!

Қымбатты студенттер!

Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бабалардың сан ғасырлар бойы арманы шындыққа айналып – тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ел бірлігін ту етіп, елімізде сан түрлі этностың баласы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Келісім мен бірлік, Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік – Қазақстанның табысты дамуының басты стратегиялық ресурсы, ертеңгі күнге деген біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Барлық алға қойған мақсаттарға ел азаматтарының бірлігінің арқасында ғана қол жеткіза аламыз. Тек бірлескенде ғана, біз көптеген қиындықты еңсере алатынымызға сенімім кәміл. 

«Береке бастау бірлік, ел іші тату тірлік» демекші, ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен қиын-қыстау замандарда киіз туырлықты қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалған бірлігі мен ынтымағы десек, артық айтқанымыз емес. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық, бесенеден белгілі. 

Егемендік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктер бізді берік берекенің белесіне беттегінімізді дәлелдеп берді. Әрбір азаматын бауыр еті баласындай бауырына басқан ыстық Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді. 

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін! 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры

 

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.