АЛМАТЫ. 2 мамыр. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің студенттері «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні бойынша жобаларын қорғады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының қауымдастырылған профессоры Роза Набуованың айтуынша, бұл шара болашақ педагогтардың аталған пән негізінде критериалды бағалаудың құрылымы, қағидаттары және қалыптастырушы бағалаудың оқыту әдістері мен стратегияларын өз тәжірибелерінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр.

Студенттердің тың ойлары сарапқа салынған жиынға отандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысып, Қыздар университетінің студенттерінің жұмыстарымен танысты.

Шарада барысында білімгерлер «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау әдістемесі» пәні бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде айқындалған «үздік» постерлер, практикалық және студенттердің өзіндік жұмыстарының қолжазбалары арқылы әрбір тақырыпты меңгеру жолдары туралы ой-тұжырымдарын толыққанды жеткізді.

– Студенттер критериалды бағалау жүйесінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемесі бойынша өздері дайындаған бағалау критерийлерін, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар жүйесін, дескриптор, кері байланыс, рефлексия ұғымдарын айшықтайтын бағалау парақшаларын ресурстар топтамасына талдау тұрғысында жеткізді, – дейді Роза Набуова.

Жиын соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Шаркүл Таубаева жаңаша форматта ұйымдастырылған шараның бітіруші студенттер үшін маңызды екендігін атап өтті.

Ашық жоба қорғауға сыртқы сарапшы ретінде қатысқан 4-курс студенттері 2-курс студенттерінің жұмыстарына баға бере отырып, ондағы мәліметтер мен тың әдіс-тәсілдерді мектепте тәжірибе өту барысында қолданатындарын айтты.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.