АЛМАТЫ. 4 маусым. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 50 студенті биылғы «Жасыл ел» бағдарламасының жазғы маусымы кезінде еңбек етеді.

Атап айтқанда, студенттік жасақ құрамында Педагогика-психология факультетінің 12, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 12, Физика-математика факультетінің 10, Өнер және мәдениет факультетінің 2, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 8 және Жаратылыстану факультетінің 6 студенті маусым-шілде айларында жұмыс атқармақ. Білімгерлер университет тарапынан тегін жатақханамен қамтамасыз етіліп, еңбекақы алады.

– Біздің басты мақсатымыз – ару қала Алматыны абаттандыру жұмыстарына өз үлесімізді қосу. Жастар тек қана шаһарда ғана емес, таулы аймақтарда да жұмыс істейді. Аталған бағдарлама ая­сын­да еңбектенетін студенттер бүгінгі күнде көше­лер­ді, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдарын ретке келтіріп, қураған ағаштарды ке­сіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті істер атқармақ. «Таза болса маңы­мыз, сау болады тәніміз» дегендей «Жасыл ел» жа­сақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізетін болады, – дейді Қыздар университетінің «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өс­ке­лең ұрпаққа ұғындырып, жазғы де­малыстарын босқа өткіз­бей, жұ­мыс істеп, қосымша қаржы табуға мо­лынан мүмкіндік тудырды. Жылдан жылға жалпыұлт­тық ба­с­тамаға үн қатып, қолдау біл­діру­ші студенттердің, жалпы жас­тардың қатары артып келеді.

– Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Со­ндық­тан да өскелең ұрпақтың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Жал­пы, қандай елде болсын аза­маттарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс. Бүгінде елімізде жастар саясаты жүзеге асырылуда. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін беріп келеді. Осы саясатты іске асырудың негізгі мін­деттерінің бірі – жастарды ел­жан­­дылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұ­рақ­тылықты нығайту. Аталған мін­деттерді іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды пат­риоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы, – деп атап өтті оқу орнының Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.