АЛМАТЫ. 3 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 374 филолог бітірді. Олардың 73-і – үздік диплом иегері.

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті отандық және халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті, креативті, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге бейім, өскелең ұрпақтың оқу, тәрбие және дамуына үлес қосуға дайын, жаңашылдық тұрғыдан жан-жақты ойлайтын және патриотизмге тәрбиеленген мамандар даярлайды.

Бүгінде факультетте 11 ғылым докторы мен профессор, 5 PhD докторы, 27 ғылым кандидаты мен доценттер және 43 магистр дәріс береді.

Факультеттің 5 кафедрасы 7 бакалавриат, 5 магистратура және 2 PhD докторантура бойынша маман дайындайды.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.