АЛМАТЫ. 3 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика-математика факультетінің түлектері диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы жылы аталған факультетті 397 студент тәмәмдады. Олардың 18-і оқу орнын үздік бітіріп отыр.

Салтанатты жиында факультет оқытушылары бітірушілерге диплом тапсырып, жас мамандарға сәттілік тіледі.

75 жылдық тарихы бар Физика-математика факультеті өзінің қалыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдерінен өтіп, бүгінде қоғам өзгерістеріне сәйкес көкейкесті мәселелерді шеше алатын жоғары білікті мамандар даярлап келеді. Факультетте физика-математика, техника, педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 90 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олардың 8-і – ғылым докторы, 34-і –  ғылым кандидаты мен доценттер, 7-і – Phd докторы, 23-і – аға оқытушы, 18-і – оқытушы.

Факультет мамандықтарының кәсіптік қызметінің негізгі міндеттері – білім беру бағдарламаларының негізгі идеяларын пайдалану және осы бағдарламадағы істерді жүзеге асыру жолдарын көрсете білу, оқу үрдісінде оқу-тәрбие беруді жетілдіру, терең білім алуға ықпал ету, өзінің кәсіби қызметінің бағытының өзгеруіне сәйкес жалпы және арнайы білім деңгейін арттыру, кәсіби және әлеуметтік-қоғамдық пәндер саласында алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.