АЛМАТЫ. 9 шілде. Qyzdar Ýnıversıteti – 2019 жылғы 1 – 5 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

03.07.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биылғы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Оқу орнының алаңында өткен дәстүрлі жиынға университет ұжымы, бітірушілер мен олардың ата-аналары қатысты.  Биыл Қыздар университетін бакалавриат бойынша 1683, магистратура бойынша 215 және докторантура бойынша 6 түлек аяқтап отыр.

03.07.2019 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ең байырғы білім ошақтарының бірі – Жаратылыстану факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды. Биыл факультетті 201 студент бітірді. Олардың 37-і үздік диплом иегері.

03.07.2019 – Биылғы оқу жылында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетін 88 студент бітірді. Түлектердің 11-і үздік диплом иегері.

03.07.2019 – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің түлектері де диплом алды. Дәстүрлі шараға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты.

03.07.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға оқу орнының оқытушылары мен бітірушілердің ата-аналары және туыстары қатысты.

03.07.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 374 филолог бітірді. Олардың 73-і – үздік диплом иегері.

03.07.2019 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика-математика факультетінің түлектері диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы жылы аталған факультетті 397 студент тәмәмдады. Олардың 18-і оқу орнын үздік бітіріп отыр.

03.07.2019 – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергеноваға алғыс білдірді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.