АЛМАТЫ. 15 тамыз. Qyzdar Ýnıversıteti Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2019-2020 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1000 орын бөлінді.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенер болсақ, ел азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың дайындық бөліміне түсуі олардың өтініштері арқылы ҰБТ нәтижесіне сәйкес конкурстық негізде іске асырылады.

ҰБТ «Математикалық сауаттылық» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өткізіледі. ҰБТ тапсыру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында өтініштер 2019 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қабылданады. ҰБТ 2019 жылғы 10 мен 15 қыркүйек аралығында өткізіледі. Дайындық бөліміне түсушілерді оқуға қабылдау 2019 жылғы 25 мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

 

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.