АЛМАТЫ. 11 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенттері арасында «Университеттер көп, Қыздар университеті – дара» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.

Оқу орнының Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің мұрындық болуымен 3-9 қыркүйек күндері өткен байқауға барлығы 50-ден астам жұмыс келіп түскен.

Конкурс шарты бойынша қатысушы Instagram желісіндегі жеке парақшасына университет туралы, оның ерекшелігі мен бірегейлігі жайлы пост жазуы тиіс. Жазбалар мазмұны мен мәні, орфографиялық сауаттылығы және шынайылығы тұрғысынан бағаланды.

Байқау жұмыстарының арасында Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенті Ақниет Акишеваның жазбасы «Алтын жүлдеге», Физика-математика факультетінің студенті Гүлдана Бекболаттың жазбасы «Күміс жүлдеге» және Педагогика-психология факультетінің студенті Кәмшат Абайқызының жазбасы «Қола жүлдеге» лайық деп танылды.

Университет табалдырығын жаңадан аттаған студенттердің оқу орны туралы жағымды пікірін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.