Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айгүл Сыздықбаева GCED саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 4-ші жаһандық семинарға қатысты.

Азия-Тынық мұхит білім беру орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен алқалы басқосудың мақсаты – GCED-тің негізгі тұжырымдамасы мен қағидаттары түсінігін кеңейту, оның сыни және мазмұнды талдау арқылы әлем мәдениетіне деген көзқарасты қайта бағдарлау, жергілікті жағдайларға бейімделген GCED бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру үшін практикалық дағдыларды нығайту.

– Бүгінде дүниежүзінде «әлем мәдениеті» идеясы белсенді алға жылжуда. Ол әділдік пен жанашырлық жағдайындағы өмірді, адам құқықтары мен жауапкершілікті көтермелеуді, мәдениетаралық сыйластықты қалыптастыруды, татуласу мен ынтымақтастықты, жермен үйлесімді өмірді және ішкі бейбітшілікті дамытуды қамтиды. Бұл жиында осы мәселелер төңірегінде келелі әңгімелер өрбіді. Бір бұл ғана емес. Кеңесте GCED-ті  ілгерілету үшін негізгі оқытушылардың жаһандық және өңірлік желісін құру да қарастырылды, – дейді Айгүл Сыздықбаева.

Семинар жұмысы «GCED-тің концептуальды негізі туралы түсінік», «Жаһандық жергілікті әділ сот үшін білім және жаһандық сот төрелігі, әлемдік құрылыс және жаһандық / жергілікті сот төрелігі үшін білім беру», «Қақтығыстар түсінігі мен әлемдік реттеу үрдісі», «Білім беру арқылы зорлық экстремизмнің алдын алу», «Әйелдерге қатысты гендерлік теңдік және зорлық-зомбылық», «Сыни және демократиялық оқытудағы мұғалімнің рөлі», «Адам құқықтарының негізгі ұғымдары мен принциптері», «Тұрақты даму және білім беру түсінігі» және «Трансформациялық оқытудың педагогикалық негіздері» сессиялары бойынша жүргізілді. Онда шетелдік ғалымдар баяндама жасап, тақырыптың маңызы мен өзектілігін ашып көрсетті.

Сонымен қатар шара шеңберінде халықаралық конференция да ұйымдастырылды. Биылғы кеңес «Ымырашылдық, бейбітшілік пен жаһандық азаматтықты орнату» тақырыбында өтті. Жиынға 20-ға жуық мемлекеттен 600-ден астам адам қатысты.

Дәстүрлі басқосудың мақсаты – трансформациялық педагогиканы пайдалануды кеңейту, саясат, оқу бағдарламалары мен мұғалімдер дайындау көзқарасымен қоса GCED-ті жүйелілік қосу жолымен толық пайдаланылатын ымырашылдық пен ынтымақтастық қатынасындағы GCED-дің бірегей әлеуетін көрсету.

Конференция жұмысының қорытындысы ретінде биылғы жылдың 19 қыркүйек күні жоғары оқу орнының оқытушылары үшін «Жаһандық азаматтық білім: көрініс және тұжырымдамалық негіз» мәселесі бойынша  семинар өтпек. Онда «Жаһандық азаматтық білім беру» немесе барлық білім беру бағдарламасының бөлінісінде осы құндылықты интеграциялау жеке пәнін енгізу туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.