Декан

АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың бұйрығымен Сараш Қоңырбаева Өнер және мәдениет факультетінің деканы болып тағайындалды.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар факультет ұжымына жаңа деканды оқу орнының басшысы таныстырды.

Сараш Қоңырбаева «Музыка қосымша педагогика» мамандығы бойынша Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Әр жылдары Балалар музыка мектебінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясындағы Тәрбие мәселелері, Тұлғаны әлеуметтендіру институттарында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтында «Отбасындағы гендерлік әлеуметтендіру» зертханасының меңгерушісі және Жалпы педагогика кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқарған.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.