АЛМАТЫ. 11 қазан. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушевпен кездесті.

Жиында Қ. Токушев Жобалық кеңсенің негізгі қызметімен таныстырып, оны жоғары оқу орындарында ашудағы мақсаты мен міндетін айтты.

– Ұрпақ тәрбиесі ең алдымен мектеп пен университет қабырғасында қалыптасады. Турасын айтқанда, баланың дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының, қоғаммен қарым-қатынасының бастауында ата-анасы мен ұстаздары үлкен рөл атқарады. Сондықтан жастар тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Кез келген оқу орны үшін сапалы білім бірінші кезекте тұруы тиіс. Міндетіміз – қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, ортақ әдіс-тәсілдерді енгізіп, жастармен жан-жақты жұмыс жасау. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесі арқылы жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудың ең үздік тәжірибесі екенін көрсетіп және одан бас тарту ортасын енгізу басты мақсатымыз, – деді Қайыржан Токушев.

Кездесу барысында Қыздар университетінің 100 студенті «Sanaly urpaq» республикалық жобалық клубына мүшелікке қабылданды.

Басқосуды оқу орнының Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры міндетін атқарушы Жаңагүл Сұлтанова қорытындылап, университетте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, бүгінде студенттер арасында «Парасыз сессия», «Таза сессия», «Адал жол», акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы семинарлар өтеді. Сондай-ақ университеттің тәрбие, оқу және ғылым үдерісінде әдептілік қағидаларын сақтау басты назарға алынған. Бұл тұрғыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты пән оқу бағдарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырады.

Сапар аясында Қайыржан Токушев студенттердің өзін-өзі басқару және демалыс аймағының қызметімен танысты. Оқу орнының бас ғимаратының базасында жақында ашылған бұл орталықта білімгерлер өздерін жан-жақты дамытып, қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ түрлі бастамалар мен жобаларды өзара талқылап, іске асыруды талқылайды.

 

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.