Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 7 қараша. Qyzdar Ýnıversıteti – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің 4-курс студенті Құндызай Басыбек республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының қорытындысы бойынша «Үздік командир» номинациясына ие болды.

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мерейтойлық еңбек маусымының жабылу салтанаты қарсаңында өтті. Дәстүрлі жиын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар шара шеңберінде спорттық жарыстар, шеберлік сыныптары, халықаралық серіктестермен сұхбат алаңдары да өтті.  

«Жасыл ел» жастар жасағы өңірімізде жұмыс істей бастағанына биыл 15 жыл. Осы уақыт аралығында бұл ұйым белсенді жастарды біріктіріп қана қоймай, оларды еңбекке баулып, бойларына отансүйгіштік сезімді  дарытатын маңызды қозғалысқа айналды. Биылғы жылы белсенділер қатарына 2000-нан астам адам қабылданған. Екі қолға бір күрек іздеген жастар көгалдандырудан бөлек құрылысқа, мәдениетке және әлеуметтік істерге де белсене араласқан.

– Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап болашақ қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Со­ндық­тан да өскелең ұрпақтың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай оңтайландыру дұрыс дүние. Жал­пы, қандай елде болсын аза­маттарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс. Бүгінде елімізде жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін беріп келеді. Осы саясатты іске асырудың негізгі мін­деттерінің бірі – жастарды ел­жан­­дылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұ­рақ­тылықты нығайту, – дейді шара ұйымдастырушылары.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.