АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Құрметті әріптестер!
Қымбатты достар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – киіз туырлықты қазақ қазақ болғалы Тұңғыш Президентін бүкіл халық болып, дербес түрде сайлаған қуанышты күні. Бұл – егемен еліміздің жаңа тарихындағы маңызы зор дата. Бұл – бүгінде Ұлт Көшбасшысының биік саяси абыройы мен зор тарихи тұлғасы ұлтпен ажырамас егіз ұғымға айналғандығының айқын көрінісі.
Бұл мейрам – елдікке құрметтің белгісі, халықтық мейрам. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз елдің негізін қалап, шекарасын нықтап, берекесін сақтап, баянды болашаққа тура бастап келе жатқан тарихи тұлға. Дербестігін жариялап, азаттығын алған жиырма сегіз жыл уақыт ішінде елімізді күллі жаһан жұртшылығы таныды. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асты. Баянды болашақ, кемел келешекке деген үкілі үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты.
Тәуелсіздік жылдарында Елбасының салиқалы да сарабдал саясаты мен тегеурінді де сенімді түрде жүзеге асырған реформаларының арқасында Қазақстан ғасырға татитын жолдан өтіп, жер-жаһанға танылды, зор табыстарға жетті.
Қазіргі күнде кең-байтақ елімізде атқарылып жатқан игілікті істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне біздің сеніміміз мол.
Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, Гаухар Алдамбергенова,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ
Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07
e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com
facebook: qyzdaryniversiteti
twitter: qyzdar_yniver
vkontakte: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti
youtube: qyzdar уniversiteti
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: