Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. Баспасөз қызметі – Заманауи ақпараттық құрылғылар дегеніміз не? Ғылым мен сандық технология арасында қандай байланыс бар? Жайлы өмір сүрудің жаңа тұжырымдамасы туралы не білеміз? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде Латвияның Рига технологиялық университетінің Менеджмент және ақпараттық жүйелер Жоғары мектебінің «Ақпараттық жүйелер» бакалавр оқу бағдарламасының директоры Елена Чайко Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Информатика және қолданбалы математика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Practical course of IoT» тақырыбындағы дәрісте шетелдік ғалым заманауи құрылғылар мен ақпараттық жүйелер туралы тың деректермен бөлісті.

– IoT – бұл әртүрлі құрылғылар, атап айтқанда банкоматтар, төлем терминалдары, орталықтандырылған күзет жүйесі мен бірыңғай басқару орталығы арасында сымсыз байланысты қамтамасыз етуге арналған шешім. Дәріс барысында профессор ғылым мен сандық әлемдегі ең жиі қозғалатын тақырыптардың біріне айналған, жұмыс өнімділігі мен өмір сүру сапасын арттыруға ықпал жасайтын концепция жайлы ақпарат берді. Бұл қызмет қаржылық ұйымдар мен төлем жүйелерінің, энергетика, күзет және қауіпсіздік қызметтерінің, көлік, логистика, мұнай, газ, құрылыс және сауда салаларының жұмысын оңтайландырады. Студенттер дәріс барысында кеңінен мәлімет алып, білімдерін тереңдетті. Олар алдағы уақытта да осындай шаралардың көптеп ұйымдастыруларын қалайтындықтарын жеткізді, – дейді Информатика және қолданбалы математика кафедрасының оқытушысы Ботакөз Сәбит.

Желтоқсан айының 5-ші жұлдызы күні латвиялық ғалым Физика-математика факультетінің оқытушыларымен де семинар өткізбек. Елена Чайко алдағы уақытта кең көлемде дәріс өткізіп, өзінің білімі мен тәжірибесін бөлісуге даяр екендігін айтады. Сондай-ақ ол Қыздар университетінің оқытушыларымен бірлесіп ғылыми-шығармашылық жобаларды іске асыруға ниетті екендігін жеткізді.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.