Ақпан айының 24-28 жұлдызы күндері Нийде Омер Халисдемир университетінің профессоры Джахит Таги Челиктің университет оқытушыларына арналған ғылыми семинары өтеді.

Джахит Таги Челик 1965 жылы Түркияның Кайсери қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарадениз техникалық университетінің Геодезия және фотограмметрия инженерлік факультетін «Инженер-геодезис» мамандығы бойынша бітірген.

Англияның Ноттингем университетінде 1995 жылы магистр және 1998 жылы доктор дәрежелерін алды. 1993-1999 жылдары Нийде Омер Халисдемир университетінің Геодезия және Фотограмметрия (картография) кафедрасында ғылыми қызметкер, 1999-2013 жылдары доцент, ал 2013-2018 жылдары Нийде Омер Халисдемир университетінде қауымдастырылған профессор болып жұмыс істеді. 2018 жылы профессор атағын алды.

Италияда және Германияда Erasmus+ академиялық кадрларының мобильділік бағдарламасы аясында дәріс оқыды және 2011 жылы АҚШ-тың Огайо штатының университетінде шақырылған зерттеуші болды.

Халықаралық және Ұлттық журналдарда келесі тақырыптар бойынша мақалалары жарияланған: геоид, деформациялық талдау, геодезияда жасанды нейрон желілерін қолдану, GNSS, көшкіндерді модельдеу және лидар деректері бойынша табу. Түрлі жобаларда жетекші және зерттеуші ретінде жұмыс жасап келеді.

Ғылыми жобалардың жетекшілері мен зерттеушілеріне семинарға қатысу міндетті!

 

Ғылыми семинардың бағдарламасы:

Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
9:00-12:00 Методы исследования (лекция 1) и Разработка гипотезы (лекция 2) Разработка исследования и начало процесса исследования (лекция 4, лекция 5) Междисциплинарность Метод исследования (лекция 8 ) Составление методов и обсуждений (лекция 10, лекция 11) Составление научного предложения по проекту (лекция14) Практика по навыкам ведения исследований
13:30-16:30 Экспериментальное исследование, Корреляционное исследование, Описательное исследование, опросы, Транскрибирование и изучение кейса интервью (лекция 3) Обоснованность и достоверность исследования (лекция 6) Разработка исследования Методология (лекция 7) Составление Введение (лекция 9) Составление аннотации и введения по системе APA (лекция 9) Навыки исследования Практика по подготовке плана/схемы исследования
 

Өтетін орны:

Әйтеке би көшесі, 99

Бас оқу ғимараты, Л1 оқу залы

Қосымша сұрақтар үшін:

+7 727 233 00 04

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti