Sorry, this entry is only available in KZ and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

АЛМАТЫ. 21 мамыр. Баспасөз қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Қымбатты ұстаздар!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер елді­гі­міз бен ұлттық руханиятымыздың басты нышаны – өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы бабадан балаға мұра болып қалған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.

Халқымызда «Өнер – ұлттың жаны һәм өзегі» деген ұлағатты сөз бар. Кез келген мемлекет өнерімен, мәде­ниеті­мен танылып, бағаланатыны анық. Демек, сіздер, өз өнерлеріңізбен елдің рухын кө­теріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сый­лай­сыздар. Ұлтымыздың мәдени талғамы мен танымын қа­лып­тастырып, елі­міз­дің әлеуметтік-ру­ха­ни құндылықтарын әлем­ге паш етесіздер.

Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, білім мен ғылымның қастерлі қарашаңырағы атанған ордалы оқу орнында білікті де білімді мамандар даярлаудағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, сарқылмас шабыт тілеймін!

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры

 

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti