АЛМАТЫ. 17 маусым. Баспасөз қызметі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Роза Набуованың «Бастауыш мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагог мамандарды даярлау теориясы мен әдістемесі» атты монографиясы мен «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» атты оқу құралы жарық көрді.

Сондай-ақ ол оқулығы үшін арнайы авторлық куәлікке ие болды.

Монографияда бастауыш мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагог мамандар даярлығының теориялық-әдіснамалық негіздері баяндалған. Автор өзінің көп жылдық ғылыми зерттеу жұмысының және жеке тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі таңдағы бастауыш мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда болашақ мамандарды даярлаудың теориясы мен кәсіби стандарт талаптарын ескеріп, білім беру бағдарламаларын басшылыққа алып ұйымдастыру әдістемесін көрсетеді.

Ал педагогика ғылымдарының кандидаты Ақгүл Жұбандықовамен авторлық бірлестікте жарық көрген «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» оқу құралында жаңартылған білім беру жүйесінде критериалды бағалау жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері талданған.

Оқулық 4 бөлімнен тұрады. Онда жаңартылған білім, критериалды бағалау жүйесі, жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалаудың ғылыми-теориялық педагогикалық негіздері, ішкі сапаны бақылау және жиынтық бағалау үдерісі баяндалған.

Оқу құралы педагогикалық оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне арналған.

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

twitter: qyzdar_yniver

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti