АЛМАТЫ. 12 сәуір. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Түркияның Ардахан университетінің өкілдері келді. Басқосуда екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болып, болашақта жүзеге асырылатын іс-шаралар жайы талқыланды.

Өз кезегінде Қыздар Университетінің Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Алмагүл Құлтуманова қос оқу орнының ортақ ұқсастығы мен әлеуеті турасында әңгіме қозғап, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында мұғалімдер мен студенттер алмасу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде тараптар ғылыми-мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелеріне назар аударды.

Ал Ардахан университетінің өкілі түркиялық жоғары оқу орны туралы кеңінен әңгімелеп, әріптестік орнатуға ниетті екендігін жеткізді.

– Ардахан университетінің іргетасы 2008 жылы қаланған. Осы жылдар аралығында оқу ордасы Түркияның білім беру жүйесі үшін жоғары білікті кадрлар мен ғылыми қызметкерлер даярлап келеді. Университет түлектерінің қатарында еліміздің білім және ғылым саласында еңбек етіп келе жатқан көптеген азаматтар бар. Қазіргі таңда университет студенттерінің сабақтары кредиттік жүйемен жүргізіледі. Білім көрсеткіші балдық негізде есептеліп, екі қорытынды емтихан арқылы қорытындыланады. Университет кампусы негізгі үш ғимараттан құралған. Алғашқысы әкімшілік корпус болса, қалған нысандарда факультеттер орналасқан. Сонымен қатар, университет қалашығы аумағында жатақхана мен Мәдениет үйі, заманауи талаптарға сай спорт алаңдары және бассейн бар. Сондай-ақ, оқу зертханасы, мамандандырылған пән кабинеттері мен заманауи компьютер сыныбы студенттердің сапалы білім алуына қызмет көрсетеді, – деп атап өтті оқу орнының басшылары.

Жиын барысында Қыздар Университетінің факультет декандары, құрылымдық бөлім басшылары да өзара ынтамақтастықты арттыру турасында сөз қозғап, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY

Tel.: 8 (727) 279-38-17

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.