АЛМАТЫ. 14 сәуір. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты.

Астана қаласындағы «Назарбаев орталығында» өткен жиынды Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жүргізіп отырды. Елбасы алқалы басқосуды ашып берген соң, Е. Сағадиев «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасының негізінде жүйелі жұмыстар атқарылғанын, соның ішінде ең маңызды жобалардың бірі – «Жаңа гума­ни­тар­лық білім. 100 жаңа оқулық»  аясында 18 кітаптың жарық­қа шыққанын баяндады. Бұдан соң Ұлттық аударма бюро­сының директоры Рауан Кенже­ханұлы жобаны жүзеге асырудың жай-жапсарына кеңінен тоқталды.

– Ұлттық аударма бюросы былтыр Елбасының тапсырмасы бо­йынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында құрылған болатын. Бір жыл ішінде бюро 18 оқулықты қазақ тіліне аударды. Атап айтқанда Дерек Джонс­тонның «Философияның қыс­қаша тарихы: Сократтан Дер­ри­даға дейін», Энтони Джон мен Пат­рик Кеннидің «Батыс фи­­ло­со­фиясының жаңа тарихы, Ан­­тика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс фи­ло­со­фиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр» (4 том­дық, ІІ том), Ре­ми Хесстің «Ф­и­ло­софияның таң­­дау­лы 25 кітабы», Дэвид Брин­керхофтың «Әлеуметтану не­гіздері», Джорди Ритцердің «Әлеу­меттану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе», Дуэйн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульц­тің «Қа­зіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психо­логия», Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлордың «Эко­но­микс», Дональд Ф.Куратконың «Кә­сіп­керлік: теория, процесс, прак­тика», Рикки В.Гриф­финнің «Менеджмент», Карен Армс­тронгтің «Иудаизм, Хрис­тиан­дық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану бая­ны», Виктория Фромкин, Ро­берт Родман, Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуника­ция», Алан Барнардтің «Антро­по­логия тарихы мен теориясы», Клаус Швабтың «Төртінші индус­триялық революция» деген оқу­лықтары қазақ тіліне аударылған, – деді өз сөзінде Р. Кенжеханұлы.

Сонымен қатар, шарада Л.Н. Гу­милев атын­дағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ер­лан Қа­рин, І. Жансүгіров атын­­дағы Жетісу мемлекеттік уни­вер­­си­те­тінің Шет тілдері мен аудар­ма кафедрасының меңгеру­шісі Айымжан Рыскиева және «Қа­зақ­стан-2050» жалпыұлттық қоз­ғалы­­сы кеңесінің төрағасы Мұх­тар Манкеев сөз сөйледі. 

Жиынды Мемлекет басшысы қорытындылады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

– Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді Елбасы.

Президент үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

Аударылған оқулықтардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY

Tel.: 8 (727) 279-38-17

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.