АЛМАТЫ. 14 мамыр. Media _Ortalyq – Есімі елге танымал өнер жұлдыздары биылғы мектеп бітіруші түлектерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде білім алуға шақырады.

Атап айтқанда, Гүлнұр Оразымбетова, Тамар Асар, Роза Әлқожа сынды мәдениет майталмандарының осыған орай түсірілген арнайы бейнебаяндары «Qyzdar Ýniversiteti TV» интернет телеарнасында орналастырылған.

Білім мен ғылымның флагманы, ұстаз мамандарды дайындау тәжірибесінде еліміздегі іргелі оқу орны – Қыздар Университеті  еліміздегі бірден-бір тек арулар оқитын білім ордасы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Тәңір жазса, бұл институт болашақ қазақ қыздарының шамшырағына айналады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі  сөнбесін дейік» деген пайымы 75 жылға жуық тарихы бар университеттің өзіндік ерекшелігі мен маңызын айғақтап тұрғандай.

Айта кетейік, бүгінде университет 43 бакалавр, 23 магистратура және 4 PhD мамандығы бойынша педагогикалық, гуманитарлық, өнер, әлеуметтік ғылымдар  бағыттарында мамандар дайындайды.

Қазіргі күнде оқу орнында жалпы саны 7 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторанты мен ғылым магистрі дәріс береді. Университеттің 30 ұстазы «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.