АЛМАТЫ. 16 мамыр. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Түркияның Кадыр Хаса атындағы университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат Қыздар Университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты мен түркиялық жоғары оқу орнының Гендерлік мәселелер және әйелдерді зерттеу орталығы бірлесіп жұмыс атқаруды қарастырады. Атап айтқанда, меморандумда профессор-оқытушылар мен студенттердің гендерлік және әлеуметтік мәселелер бойынша қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізу, маңызды ғылыми ақпаратпен алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер, профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасу, бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеп, дайындау қарастырылған. Сонымен қатар, білім беру мен мәдени байланыстарды арттыруға бағытталған халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді үйлестіру де көзделіп отыр.

Кадыр Хаса атындағы университеттің іргетасы 1997 жылы қаланған. Стамбұл қаласында орналасқан оқу орны түркиялық білім беру жүйесі үшін жоғары білікті педагог кадрлар, өнер мамандары мен ғылыми қызметкерлер даярлап келеді. Университет түлектерінің қатарында Түркияның білім және ғылым саласында еселі еңбек етіп келе жатқан көптеген азаматтар бар. Қазіргі таңда оқу орнындағы 5 факультеті білікті мамандар дайындайды. Ал, білім ордасының жанындағы Гендерлік мәселелер және әйелдерді зерттеу орталығының негізгі мақсаты – гендерлік теңдікті сақтау бағытында жүйелі жобаларды жүзеге асыру, әйелдердің қоғамдағы беделін арттыру. Орталықта «Гендер және саясат», «Әйелдер және гендерлік зерттеулер», «Қарым-қатынас және отбасы», «Отбасылық және топтық динамика», «Отбасылық зерттеулер», «Адам ағзасы, қоршаған орта және қызмет», «Қоршаған орта және гендер» және «Гендер мен бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыптарында арнайы курстар жүргізіледі.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.