АЛМАТЫ. 23 мамыр. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған «Ғылыми бейсенбі» шарасы шеңберінде «Web of Science ақпараттық-аналитикалық платформасының мүмкіндіктері педагогика бағытындағы сапалы ғылыми зерттеулер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысқан жиынды ТМД елдеріндегі ақпараттық ресурстар және білім беру бағдарламалары бойынша Clarivate Analytics халықаралық сарапшысы, PhD докторы Ирина Тихонкова жүргізді.

Қыздар Университетінің Ғылым бөлімі ұйымдастырған семинарда ғылыми журналдарға мақала беру тәртібі мен басылымдарды таңдаудағы басты ерекшеліктер негізгі әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар, И. Тихонкова ғылыми мақалаларды рәсімдеудің ережесі мен үлгісіне де тоқталды.

Тренингке қатысушылар лекторға тақырып төңірегінде сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, университет ұжымының ғылыми әлеуетін көтеру масатындағы «Ғылыми бейсенбі» шарасы апта сайын тұрақты түрде жүргізіледі.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.