АЛМАТЫ. 1 маусым. Media _Ortalyq –  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық жұмысын бастады.

Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету.

Қабылдау комиссиясының жанындағы орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00, сенбі  күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (727) 233-18-52.

–  Сонымен қатар, Қыздар Университетінің ресми интернет-ресурсы мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңашылдықтар көпшілік тарапынан туындаған сұрақтардың шешімін табуын арттырады, –  деп атап өтті Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

MEDIA DEPARTAMENTI

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.