АЛМАТЫ. 5 шілде. Media _Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Физика-математика факультетінің түлектері диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы жылы аталған факультетті 221 студент пен 35 магистр тәмәмдады. Олардың 32-сі оқу орнын үздік бітіріп отыр.

Салтанатты жиында факультет деканы Сапар Исаев бітірушілерге диплом тапсырып, жас мамандарға сәттілік тіледі.

Биыл факультетті Нодира Хасантаева, Айдын Нұрлыбекова, Тәттігүл Көпжасар, Гүлжаһанбегім Шерхан есімді халықаралық, республикалық білім олимпиадаларының жеңімпаздары мен 2 Президенттік шәкіртақы иегерлері бітіріп отыр.

74 жылдық тарихы бар Физика-математика факультеті өзінің қалыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдерінен өтіп, бүгінде қоғам өзгерістеріне сәйкес көкейкесті мәселелерді шеше алатын жоғары білікті мамандар даярлап келеді. Факультетте физика-математика, техника, педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 90 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олардың 8-і – ғылым докторы, 34-і –  ғылым кандидаты мен доценттер, 7-і – Phd докторы, 23-і – аға оқытушы, 18-і – оқытушы.

Факультет мамандықтарының кәсіптік қызметінің негізгі міндеттері – білім беру бағдарламаларының негізгі идеяларын пайдалану және осы бағдарламадағы істерді жүзеге асыру жолдарын көрсете білу, оқу үрдісінде оқу-тәрбие беруді жетілдіру, терең білім алуға ықпал ету, өзінің кәсіби қызметінің бағытының өзгеруіне сәйкес жалпы және арнайы білім деңгейін арттыру, кәсіби және әлеуметтік-қоғамдық пәндер саласында алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.

BASPASÓZ JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

вконтакте: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.