АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – Биыл Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне 2 мыңға жуық студент, 241 магистрант пен 30 докторант қабылданып, олар 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз етілді.

Бекітілген ережеге сәйкес жаңа оқу жылы басталарда яғни, Қыздар Университетінің студенттерін жатақханаға орналастырудың алдында білімгерлер толықтай медициналық тексеруден өтіп, уақытша тіркеуге тұрғызылды. Бұл жұмыстар тамыздың 20-31 күндері аралығында ұйымдастырылды.

Медициналық тексерулер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 175 бұйрығы бойынша және университет ректорының 01.03.2018 жылғы № 95 бұйрығымен бекітілген «Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі туралы» ереженің «Тұрғын үй келісім-шартын, үлгі бойынша бекітілген рұқсат қағазын, дәрігерлік қараудан және төлем өткізгеннен кейін студент бұйрық бойынша бекітілген жатақханасына барып орналасады» атты 3.3 тармағымен жүргізіледі.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жеті жатақхана тиесілі. Жатақханадағы жалпы орын саны – 2954. Мемлекеттік грантта оқитын студенттер үш мезгіл тегін тамақпен және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыдан келгенде Қыздар Университеті жатақханаға мұқтаж 1-4 курс студенттерін жатын орынмен қамтамасыз етіп отырған еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны.

Айта кетейік, Қыздар Университетінің 6 факультетіндегі 28 кафедра бакалавриат бойынша – 43, магистратура бойынша – 23 және PhD докторантура бойынша – 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады. Бүгінде оқу орнында жалпы саны 6 мыңнан астам студент, магистранттар мен докторанттар оқиды. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық PhD докторы мен ғылым магистрі дәріс береді.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.