АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. Qyzdar_Ýnıversıteti – 2018 жылғы 10 – 14 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының өкілі Гүлнар Смайлова «Қазақстандағы гендерлік бағдарланған бюджеттеу» тақырыбында дәріс оқыды. Оқу орны жанындағы Әлеуметтік және гендерлік институттың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 2, 4 курс студенттері қатысты.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Дара» психологиялық-педагогикалық түзету орталығында ашық есік күні өтті. Педагогика және психология факультетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты. Жиында орталық мамандарының педагогикалық тәжірибелері мен тағылымдамалары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды және ауру балаларды дамытудың жолдары айтылды. Жеке және топтық сабақтар жүргізіліп, баламен үй жағдайында түзету бойынша кеңестер берілді.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Білімді ел» республикалық қоғамдық-саяси газетіне сұхбат берді. Оқу орнының басшысы әңгіме барысында 75 жылға жуық уақыт бойы педагог кадрларды дайындауға үлес қосып келе жатқан ұлағат ұясының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы жайында, университеттің отандық жоғары білім беру саласындағы өзіндік ерекшелігі туралы айтты.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Ресейдің Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің өкілдері арнайы іс-сапармен келді. Басқосуда екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болып, болашақта жүзеге асырылатын іс-шаралар жайы талқыланды.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің 1-курс студенті Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында күміс медальға ие болды.

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гендерлік ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Салимжанова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сараш Қоңырбаева мен Педагогика және психология факультетінің магистранты Аида Құттыбек Жазғы гендерлік мектепке қатысты.

BASPASÓZ  JÁNE QOǴAMMEN BAILANYS BÓLIMI

Tel.: 8 (727) 247-00-07

e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

facebook: qyzdaryniversiteti

vkontakte: qyzdar_yniver

instagram: qyzdar_yniversiteti

youtube: qyzdar уniversiteti

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.