Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі: 

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

  1. Магистратураға түсуші тұлғалар ҚазМемҚызПУ-не мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтінішті (еркін түрде);

2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

7) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы Қағидалардың 9, 15-тармағында көрсетілген құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

  1. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

  1. Келесідей емтихандар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm – Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 460 балл),

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm

(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм)

Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),

шекті балл – кемінде 87), (TOEFL (ТОЙФЛ) шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ

Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue

franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),

Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF

(ТСФ) – кемінде 400 балл).

Бұл ретте ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.