Ақмарал Әлімақынқызы Ақжолова

Физика-математика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Информатика магистрі

Білімі:

2008 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Информатика» мамандығы бойынша бакалаврын бітірген.

2010 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Информатика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

 

Еңбек өтілі:

2008-2010 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының компьютер сыныбының маманы.

2010-2014 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының оқытушысы.

2012 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Физика-математика» факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

2015 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.

 

Ғылыми еңбектері:

Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 30-дан аса ғылыми мақалалары және 2 оқу құралы жарық көрген.

 

Жетістіктері:

2013 жылы университет Ректорының Алғыс хатымен марапатталған.

2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен марапатталған.

2015 жылы «Білім шыңы» жобасына қатысып, білім үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық жаңа технологияларды белсенді және тиімді пайдалана отырып ұсынған озық іс-тәжірибесі «Білім шыңы – білікті ұстаз еңбегі» жинақ кітабына енгізіліп, өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Білім шыңы» төсбелгісімен марапатталған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.

 

Байланыс телефоны: 8 727 233 18 20

e-mail: akjolova.akmaral@mail.ru


 

Айжан ҚорҒанбекҚызы Байсапарова

Физика-математика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары

Педагогика ғылымдарының магистрі

Білімі:

2014 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетін «Физика» мамандығы бойынша бакалавр бітірген.

2016 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетін «Физика» мамандығы бойынша магистратура бітірген.

 

Еңбек өтілі:

2014-2015 жылы «Алматы көпсалалы техника-экономикалық колледжі» оқытушы қызметінде

2016-2017 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде «деканат диспетчері» қызметінде

2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, «Физика» кафедрасында оқытушы қызметін атқаруда.

 

Байланыс телефоны: 8 727 233 18 20

e-mail: aijan92kz@mail.ru


 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.