АБАЙ БАРМАНҚҰЛҰЛЫ ҚҰРМАНҚҰЛОВ

Оқу және тәрбие істері жөніндегі проректор

2000-2004 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриатын, 2005-2007 жж. магистратурасын, 2009-2012 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде докторантурасын бітірген. Философия ғылымдарының докторы PhD. 2011 жылы SOAS Лондон (Ұлыбритания) университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

2004-2007 жж. – Алматы Мемлекеттік политехникалық колледжінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушысы;

2007-2008 жж. – Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2008-2014  жж. – Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі директорының оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары;

2014-2015 жж. – Астана қаласы білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды дайындау бөлімінің басшысы;

2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылыми жұмыс басқармасының басшысы;

2017 жылдың қыркүйек айынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

«Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері», «Б. Гончаров медалі» төсбелгісімен марапатталған.

Байланыс телефоны: +7 (727) 233-18-43

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.