«Қазақстан Республикасындағы гендерлік білім беру жағдайы» атты ғылыми ізденіс директориясы, қаңтар-сәуір 2019 жыл

Қазақстандағы гендерлік сауаттандыруға 20 жыл

2019 жыл 25 сәуір Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында өтетін гендерлік курс пәндерінің мәселелері» тақырыбында жиын өтті.

Жиынды Қыздар университетінің Ғылыми жұмыс және инновация бойынша департамент директоры Светлана Шакирова ашып, «Қазақстан Республикасындағы гендерлік сауаттандыруға 20 жыл: қайта қарау қажеттілігі» тақырыбында баяндама жасады.

Басқосу барысында Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері Г.Г.Соловьева; Тұрмыстың зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған «Arasha» баспанасының директоры М.Ә. Ускембаева; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Б. Қылышбаева; «Әйелдер Лигасы» қоғамдық қорының президенті Ә.Ү. Хайруллина; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы әлеум.ғ.м. Е.Ж.Жапаров; М. Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясының оқытушысы А.Б.Сарбасова; Стамбул техникалық университетінің PhD докторанты А.С.Салимжанова; Нұр-Мубарак университетінің PhD докторанты С.Қагазбекова; ҚазМемҚызПУ PhD докторанты Н.Жанабаева; Мароккадағы Хасан университетінің профессоры Мария Туфик тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.

Шара аясында Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының бастамасымен жүргізілген «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білім беру директориясы» тақырыбындағы зерттеу жобасының нәтижелерін Гендер институтының ғылыми қызметкері М.М.Дабылтаева таныстырды.

2019 жылдың басында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының жүргізген  «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білім беру директориясы» атты ұлттық зерттеу нәтижелері бойынша 2018-2019 оқу жылында гендерлік білім беруге бағытталған арнайы құрастырылған элективті оқу курстар 21 ЖОО-да жүргізіледі, ал 12 ЖОО-да гендерлік тақырыптар міндетті пәндердің құрамына енгізілген. Нәтижесінде бұл көрсеткіш жалпы жоғарғы оқу орындардың 26%-н құрайды.

 

Дөңгелек үстел

ҰСЫНЫСТАРЫ

  1. Жоғары оқу орындарында мазмұнын жаңарта отырып, саны жағынан да, сапасы да гендерлік білімді дамытуды қамтамасыз ету қажет.
  2. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында гендерлік мәселелер бойынша ғылыми зерттеулердің өсуін қамтамасыз ету қажет.
  3. Гендер бойынша бірінші кезекте қазақ тілінде, сондай-ақ орыс, ағылшын және басқа да тілдерде (мамандар болған жағдайда) оқу, оқу-әдістемелік монографиялар шығару – маңызды мәселелердің бірі;
  4. Өткен 20 жыл ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында гендерлік курстарды оқыту ресми түрде енгізілген сәттен бастап халықаралық, республикалық, жоғары оқу орны ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдардағы жеке секциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер тренингтер, жазғы мектептер, зерттеу презентациялары, біліктілікті арттыру курстары және т.б. көптеген іс-шаралар өткізілді.
  5. Дегенмен жаңа технологиялар мен қоғамдық үрдістердің жаңашылдығын ескере отырып, гендерлік мәселелерді зерттеуде, зерттеу жұмыстарының қорытындыларын жариялауда жаңаша креативті форматтар қолдану қажет. Ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім алушылары және ҮЕҰ арасында ашық бейресми талқылаудың жаңа креативті нысандарын іздеген жөн. Ашық пікір алмасу алаңдары мен талқылаулар барысында TEDx сияқты талқылаудың жаңа форматтарын және уақытпен тексерілген формаларды (воркшоптар, пікірталастар, жаңа басылымдарды таныстыру және талқылау, авторлар мен қоғам қайраткерлерімен кездесулер, көпшілік оқулар, қонақ дәрістер, әлеуметтік жобалар) үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерінде гендерлік білім беруді дамытуда пайдалану қажет.
  6. Интернетте гендерлік мәселелер бойынша ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілердегі пікірталас алаңдарын құру мәселесі маңыздылығын көрсетіп отыр.
  7. Гендерлік мәселелермен айналысатын профессор-оқытушы құрамы, зерттеушілер мен білім алушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен, тәжірибесімен үнемі алмасып отыруы тиіс. ЖОО-ның, колледждердің және мектептердің зерттеушілері мен оқытушыларының институцияланған, сондай-ақ бейресми желілік байланыстар арқылы республика көлемінде гендерлік білім беруді кеңінен дамытуға ықпал етуі тиіс.
  8. Қазақстандағы гендерлік білім беру және ғылыми-әлеуметтік зерттеулер бойынша бірыңғай ұлттық портал құруды ұсынамыз gender.kz
  9. Еліміздің ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары, орталықтары алыс және жақын шетелдердің гендерлік тақырыпта зерттеу жүргізетін ғалымдармен бірге халықаралық ғылыми байланыстарды белсенді дамытуы керек. Модульдік курстар, арнайы қонақ дәрістер, семинарлар мен воркшоптарды өткізу үшін ғалымдарды шақыру, алдын ала жоспарлануы және бюджет немесе жоғары оқу орындарының қаражаты есебінен қаржыландыруы тиіс;
  10. Академиялық ұтқырлық пен ғылыми тағылымдамалар аясында бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушыларын жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарына, университеттерге, кітапханаларға және т. б. жіберу қажет.
  11. Халықаралық рейтингтік басылымдардың өлшемдеріне сәйкес келетін гендерлік мәселелер бойынша мамандандырылған ғылыми журналды дайындауда жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында ҚазМемҚызПУ мақалаларды жариялау үшін негізгі басылым ретінде ҚР БжҒМ БҒСБК ұсынған басылымдардың тізіміне кіретін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «ХАБАРШЫ» журналын ұсынамыз.

 

«ҚазҰлтҚызПУ түлектерінің әлеуметтік портреті мен қоғамдағы ролі» атты ҚазҰлтҚызПУ 75 жылдығына араналған социологиялық зерттеу, қаңтар-қыркүйек 2019 жыл

«Әйелдердің жақсы өмір сүруіне олардың жұмыспен қамтылуының әсері: Қазақстандағы отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау барысында ақысы төленбейтін үй еңбегінің экономикалық тұрғыдан ауыртпалықтары», БҰҰДБ әлеуметтік-экономикалық зерттеулерге қатысу, 2018 жыл

«Мың келбетті жастық шақ: Алматы қаласының студент қыздарының әлеуметтік-психологиялық портреті» әлеуметтік зерттеу, 2018 жыл

«Ақысы төленбейтін үй еңбегі: мойындау мен бағалау», зерттеу жобасы, 2018 жыл

«Аналар саябағы», Рухани Жаңғыру бағдарламасы «Ұлы дала жастары/Қыздар Университеті» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жасалған жоба, 2018 жыл

«Отбасындағы гендерлік әлеуметтендіру» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының гранттық, зерттеу жобасы, 2012-2013 жылдар

«Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәсіл» –ҚР БжҒМ грантымен қаржыландырылған зерттеу жобасы, 2009-2011 жылдар

«Гендерлік білім» – зерттеу жобасы, ҚР БжҒМ грантымен қаржыландырылған зерттеу жобасы, 2003-2005 жылдар

«Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты» – ҚР БжҒМ грантымен қаржыландырылған зерттеу жобасы, 2003-2005 жылдар

«Жоғары және орта білім беретін мектептерге арналған гендерлік білім негіздері» – Сорос-Қазақстан Қорының грантымен қаржыландырылған зерттеу жобасы, 2001-2003 жылдар

«Қазақстандағы гендерлік білім бағдарламасы» – ЮНИСЕФ грантымен қаржыландырылған зерттеу жобасы, 2001-2004 жылдар

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.