Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді 2020 жылдың 8-11 Наурыз аралығында Эдинбург Queen Margaret университетінде (Шотландия) өтетін Гендерлік зерттеулер және әйелдер жағдайы туралы II Халықаралық пәнаралық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция туралы толығырақ: ақпарат: http://www.womenbeing.co.uk/conference2020/

Барлық сұрақтар бойынша келесі электрондық поштаға жаза аласыз: aizhan.salimzhan@gmail.com


2018 жылы 11-13 қазан Қазақ мемлекттік қыздар педагогикалық университетінде V Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы өтті.  

 

Симпозиум шеңберінде «Түркі тілдес мемлекеттердегі гендерлік білім берудің өзекті мәселелері» атты гендер секциясының отырысы болды. 

Секция ұйымдастырушысы – Жанар Тлеукенова, ҚазМемҚызПУ, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.

Секция отырысын бірінші болып шетелдік қонақтар ашты.

Әзірбайжаннан келген заң маманы Rәqiba Qasimova «Azәrbaycanda qadinlarin miras huququ» (Әзербайджандағы әйелдердің мұрагерлік құқығы) атты баяндама жасады. (презентация)

Келесі баяндаманы Эрджиес Университетінің ғалымы (Түркия) Yusuf Gokkaplan «Turk toplumunda cinsiyet gostergeleri» (Түрік қоғамындағы гендер) тақырыбындағы зерттеулерімен бөлісті.

Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті Университеті (Алматы), Дінтану мамандығының 2 курс PhD докторанты Салтанат Кагазбекова «Феминизм идеологиясының гендерлік идеяға ықпалының кейбір мәселелері: исламдық канондар жүйесі» атты баяндамасымен сөз алды. (презентация) Салтанат өз баяндамасында феминизмнің тарихына тоқталып, әйелдер қозғалысын 3 негізгі толқынын атап өтті. Сонымен қатар өткен ғасырдың 90 жылдары қолоданысқа ене бастаған Әйелдердің құқықтарын ислам контекстінде қорғайтын адамдардың дискурсы мен әрекеттерін сипаттайтын идеология «Ислам феминизмі», Исламдағы гендер мәселелеріне тоқталды.

Секция модераторы, ҚазМемҚызПУ Педагогика және психология факультетінің теориялық және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Лаура Ермекбаева «Кіші мектеп оқушыларында гендерлік сәйкестіктің қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері» атты тақырыбында баяндама жасады. (презентация)

ҚазМемҚызПУ Педагогика және психология факультетінің теориялық және практикалық психология кафедрасының аға оқытушысы Сая Бапаева «Қыздардың бойындағы «Психологиялық жыныстық» сипат пен агрессияның ара қатынасы» атты ғылыми мақала төңірегінде баяндама жасады. (презентация) Баяндамада ер адам мен әйелдердің жыныстық психологиясына талдау жасап, маскулинділік феминділік және андрогинділік ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Сандра Бемнің «Тұлғаның психологиялық жынысын» анықтау сауалнамасы мен Басса Дарки әдістемелері арқылы жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

2 курс магистранты Аида Құттыбек «Қазақ халқындағы қыз бала тәрбиесінің заманауи мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. (презентация) Сонымен қатар 2018 жыл, 22-25 тамызда Шымбұлақта өткен Summer Gender School жазғы мектебінен алған әсерлерімен бөлісті. 

Гендер секциясының баяндамалары Симпозиум материалдар жинағының ІІІ томында жарияланды 

 

 

 

 

 


 2018 жылы 11-13 қазан ҚазМемҚызПУ-да өтетін V Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиум жұмысына қатысуға шақырады.

Түркі тілдес елдердегі гендерлік мәселелердің өзектілігі» секциясы ЖОО оқытушыларының, ҒЗИ-ның, докторанттардың, магистранттардың, ҮЕҰ өкілдерінің жаңа зерттеулер нәтижелері бойынша тұсау кесер алаңына айналады.

Симпозиумға қатысу шарттары туралы толық ақпарат: http://kazmkpu.kz/symposium

 

 «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференция, сәуір, 2017

 «Отбасы құндылықтары: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, қыркүйек, 2014

 «Гендерлік теңдік жолында: әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясы» республикалық ғылыми-практикалық конференция, желтоқсан, 2013

 «Дін және әйел» халықаралық форум, наурыз, 2013

 «Әйел және отбасылық құндылық: дәстүрлі отбасылық саясаттың тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, қараша, 2013

 «Қоғамды әлеуметтік модернизациялаудың гендерлік аспектілері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, мамыр, 2012

 «Тәуелсіздік және қазақтың қайраткер қыздары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, наурыз, 2011

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.