Қадірлі әріптестер! Құрметті ұстаздар!



    • Қадірлі әріптестер! Құрметті ұстаздар!

      Сіздерді сары күздің салиқалы сағынышындай боп келген ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақтын бас ақыны Абай Құнанбайұлы «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» депті. Шынымен Абайдан асырып айта алмаймыз!

      Ұстаз - ұлы есім. Жерде жүрген дәрігер де, айға ұшқан ғарышкер де, ұстаздың алдын көріп, өміріне жолдама алады. Адам баласы «Ұстаз» дейтін ұлы ұғымды ұлықтап, беделін арттырса, тіршіліктін мәні еселенбек. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге. Жақсы ұстаздың бейнесі, жақсы адамның жүрегінде мәңгілік сақталатыны анық.

      Бүгінгі танда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғылымның әлеуетін арттыруда зор серпіліс жасауда. Еліміз ғылымның дамуына әрдайым қолдау көрсетеді. Отандық ғылым өз кезегінде мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті болуы үшін өндірістің жаңа технологияларына бағытталуға тиіс. Осы ретте Сіздердің ғылым және білім саласындағы жаңашылдықтарыңыз өз жемісін беріп келеді. Қазіргі таңда республика бойынша қырық мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы абыройлы қызмет етуде.

      Құрметті ұстаздар! Сіздерді айтулы мерекемен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, кажымас қайрат, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін! Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай игі істерді бірлесіп атқаратындығымызға сенімдімін. Әрқашан да мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

      Құрметпен,

      ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

        Ұстаздарға құттықтау 

                                                                                                         

      Поделиться: