19 студент ғылыми зерттеумен айналысты



    • 19 студент ғылыми зерттеумен айналысты

      2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 19 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

      Осы тарапта жүргізілген талдау қорытындысына сүйенер болсақ, Өнер және менеджмент институтының 14, Тарих және шетел тілдері институтының 2, Педагогика және психология жоғары мектебінің 2, Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебінің 1 студенті халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен пәндік олимпиадаларға, сондай-ақ ғылыми байқауларға қатысқан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: