Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасы
-
Білім беру
-
Кафедра туралы
«Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы – тағылымға толы тарихы бар, іргелі кафедралардың бірі. Алғаш «Тілдер кафедрасы» деп аталатын бұл кафедрадан 1946 жылдары Орыс тілі, Қазақ тілі, Орыс және шетел әдебиеті, Шет тілі кафедралары бөлініп шықты.
Кафедрада қазақ тіл білімі мен түркітануда есімдері танымал профессорлар Ә.Марғұлан, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Т.Қордабаев, А.Төлеуов, Ә.Құрышжанұлы, Ғ.Айдаров, Ғ.Мадина, М.Дүйсебаева, Х.Қожахметова, Р.Сыздық, З.Бейсембаева, Р.Шойбеков сынды ғалымдар еңбек еткен.
Кафедраныәржылдары академик Н.Сауранбаев, проф. А.Ысқақов, С.Исаев, Ә.Аблақов, Б.Хасанұлы, Р.Шойбеков, З.Бейсембаева, Т.Ермекова, Ж.Сүлейменовабасқарған.
2016 жылы «Қазақ тіл білімі» кафедрасы мен «Тіл теориясы және оқыту әдістемесі» кафедралары біріктіріліп, «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта кафедраға филология ғылымдарының докторы, профессор, ЖОО үздік оқытушысы Т.Н.Ермекова жетекшілік етеді.
Кафедраның миссиясы мен стратегиясы
Кафедраның негізгі міндеті –ұтқыр, бәсекеге қабілетті, толерантты, креативті, адамгершілігі жоғары, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге қабілетті, өскелең ұрпақтың оқу, тәрбие және дамуына жауапкершілікті мойнына алуға әзірмаман даярлау.
Кафедра мүшелері ҚР БҒМ-нің наградаларымен марапатталды:
Ермекова Т.Н.–«ЖОО-ныңҮздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері (2008,2014);
–«Ұлағат» күміс медалімен марапатталды. (2014)
–Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.(2017ж.);
Сүлейменова Ж.Н.- «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісі иегері. (1995, 12 сәуір),
–«ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2008)
–«Құрмет белгісі» медалі иегері
–«Turk Dunyasi Hizmet Odulu» Түркия Республикасы сыйлығының иегері. (3 ақпан, 2008)
Сатбекова А. А. –«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. (2004)
–«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2010)
–«Ұлағат» алтын медалімен марапатталды. (2014)
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.2014.
– «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды «Өрлеу» (2018).
Отарбекова Ж.К.– «ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2010)
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.(2003ж.);
-«Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. (2018);
–«Ұлағат» күміс медалімен марапатталды. (2014)
Оданова С.А.-«ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2018);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды (2018).
Қанабекова М.К. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды (2009);
-«Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды (2009г.);
– «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды (2014);
Шойбекова Ғ.- «Құрмет белгісі медалімен марапатталды» (2014);
–Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медаліменмарапатталды. (2018);
Қайдарова Г.К.-«Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды(2018),
«Құрмет белгісі» медалімен марапатталды (2014).
Абдирасилова Г.Қ. – «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды (2018),
«Құрмет белгісі» медалімен марапатталды (2014).
Шойбекова Ғ.Б. – 2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды.
Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін (№264 бұйрық) «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Халықаралық қатынастар
Кафедраның профессор-оқытушыларышетелдік жоғары оқу орындарының әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта: «Евразиан перспектива» ғылыми-зерттеу институты (Нидерланды), Париж университеті (Франция), Стамбул университеті (Түркия), Гази университеті (Түркия), Өмер Халисдемир атындағы Нийде университеті(Түркия), Қазан Федералды университеті (Ресей).
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра оқытушылары – ҚР БжҒМ бекіткен жалпы білім беретін орта мектептер мен арнаулы орта, жоғары оқу орындарына арналған білім стандарттарының, типтік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдарының, жаңартылған білім беру мазмұны аясында жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторлары.
Кафедрада «Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары» атты жоба (жоба мүшелері:Т.Н. Ермекова, Ғ.Б.Шойбекова, С.А.Оданова, Н.А.Жаңабаева); «Қазіргі қазақ тілінің тәуелсіздік кезеңіндегі лексикалық инновациялар» (жоба орындаушысы – Қанабекова М.Қ.); «Ана тілін меңгеру модельдері (бала тілі материалдары негізінде)» (жоба орындаушысы Т.Н.Ермекова) және «Қазақстан ұйғырларының тарихи-мәдени, әдеби мұрасы» атты халықаралық жоба (Ж.Н. Сүлейменова, PhD докторы, доцент Адем Өгер) орындалуда.
Жыл сайын «Құрышжанов оқулары», «Исаев оқулары» атты дәстүрлі студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысатын халықаралық, республикалық конференциялар өткізіледі. Дәстүрлі «Қазақ тілінен» қалалық пәндік олимпиада өтеді.
Кафедрада «Үміт», «Жас әдіскер» үйірмелері, «Руна» танымдық клубы жұмыс істейді. Клуб аясында «Түбі бір түркіміз» фестивалі, түркологиялық семинарлар, тренигтер мен конференциялар өткізіліп тұрады.
Кафедра мамандықтары
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы:
- 6В01702 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (БА);
- 6В02302– Филология (БА);
- 7М01702– Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (MSc,).
- 7М02301-Филология(MSc)
- 8D02301-Филология(PhD) бойынша мамандар дайындайды.
Біздің түлектеріміз ғылым мен білім жүйесінде (университеттер, колледждер, мектептер, ғылыми-зерттеу институттары), баспасөзде (газет және журнал редакциялары, баспалар, радио және теледидар), мемлекеттік қызметте (сыртқы істер, мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар) әр түрлі профильдегі фирмалардағы агенттіктер жүйесінде сұранысқа ие.