Топ-менеджмент

        • Қанай Гүлмира Әмірханқызы
          • Қанай Гүлмира Әмірханқызы
          • Басқарма төрағасы – Ректор

          • Ректор блогы
        Қанай Гүлмира Әмірханқызы

        Д-р Гүлмира Қанай өзінің кәсіби жолын Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында тәлімгерлік пен әкімшілік қызметтерден бастаған.

        2019 жылы Талап стипендиялық бағдарламасымен Кембридж университетінің Білім беру факультетінде (Ұлыбритания) Білім саласындағы философия докторы дәрежесін қорғады. Д-р Қанайдың докторлық диссертациясы «Қазақстан мектептерінде ұстаз көшбасшылығын дамыту» мәселесіне арналған. Г. Қанайдың зерттеулері халықаралық және жергілікті журналдарда жарық көрді.

        БІЛІМІ:

        • Білім саласындағы философия ғылымдарының докторы (PhD), Кембридж университеті, (Ұлыбритания);
        • Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі (үздік), Ворвик университеті, (Ұлыбритания);
        • Аударма ісі магистрі (үздік), Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (Қазақстан);
        • Лингвист: ағылшын тілі мұғалімі, бакалавр дәрежесі (үздік), Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (Қазақстан).

        ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

        • Халықаралық кәсіби даму қауымдастығының мүшесі (IPDA), (Ұлыбритания);
        • Қазақстан Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (KERA), (Қазақстан);
        • Америка Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (AERA), (АҚШ);
        • Кембридж университеті Қазақ қоғамдастығының президенті (2017-2018), (Ұлыбритания).

        ЗЕРТТЕУ АЯСЫ:

        • Мектептегі көшбасшылық және менеджмент
        • Ұстаздардың көшбасшылығы және кәсіби дамуы
        • Ұйым ішіндегі кәсіби оқыту
        • Мектепті қаржыландыру
        • Әлеуметтік әділеттілік 

         ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ (ЛАРЫ):

        • «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бастамасы –  Зерттеу тобының жетекшісі;
        • «Жан басына қаржыландырудың Қазақстан мектептеріне енгізілуі», Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебі – Зерттеу тобының мүшесі;
        • «Қазақстандағы COVID 19 уақытында білімге тең қолжетімділік: тәжірибелер, нәтижелер, қиындықтар мен мүмкіндіктер» – Зерттеу тобының мүшесі.

        ОҚЫТУШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ:

        Магистратура

        • Кәсіби тұлға (доктор Дүйшон Шаматовпен бірге);
        • Білім беру көшбасшылығына кіріспе (профессор Элейн Шарплинмен бірге);
        • Өндірістік-тағылымдама жобасы (профессор Наурин Дурранимен бірге);
        • Білім берудегі көшбасшылық және мектепті жетілдіру (ELSI) бағдарламасы (доктор Питер Дадлимен бірге).

        Бакалавриат

        • Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін: халықаралық құқық (3 курс);
        • Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін: халықаралық қатынастар (4 курс).

        БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ:

        • Qanay, G., Courtney, M., & Nam, A. (2021). Building Teacher Leadership Capacity in Schools in Kazakhstan: A mixed method study. International Journal of Leadership in Education. DOI: https://doi.org/10.1080/13603124.2020.1869314
        • Qanay, G., & Frost, D. (2020).  Teacher Leadership in Kazakhstan initiative: professional learning and leadership. Professional Developmentin Education, DOI: https://doi.org/10.1080/19415257.2020.1850507
        • Qanay, G., Ball, Sh., Anderson-Payne, E., Barnett, P., Kurmankulova, K., Mussarova, V., Kenzhetayeva, G., &Tanayeva, A. (2019). Developing teacher leadership in Kazakhstan. International Journal of Teacher Leadership, 10(1), pp.53-64.

        https://www.cpp.edu/~ceis/education/international-journal-teacher-leadership/current-issues.shtml

        КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ МЕН ҚОНАҚ РЕТІНДЕ БЕРГЕН ДӘРІСТЕРІ:

        • Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Еуропалық конференция (ECER), 2021 жыл, 6-10 қыркүйек, Женева, Швейцария;
        • Азия-Тынық мұхит аймағындағы білім сапасына мониторинг жүргізу желісі (NEQMAP) KIX-EAP хабына арналған вебинар және білім беру мен оқыту саласындағы халықаралық саясатпен ынтымақтастық желісі (NORRAG) 2021, 24 ақпан, Женева, Швейцария;
        • Халықаралық кәсіби даму қауымдастығы (IPDA) онлайн-конференция 2020 жыл, 27-28 қараша, Бирмингем, Ұлыбритания;
        • Халықаралық виртуалдым ұғалімдердің көшбасшылық конференциясы  2020 жыл, 27 маусым, Стивенидж, Ұлыбритания;
        • Кәсіби оқытуға арналған көшбасшылық 2019 жыл, 17-18 маусым, Кембридж, Ұлыбритания;
        • HertsCam желілік жылдық конференциясы 2019 жыл, 22 маусым, Стивенидж, Ұлыбритания;
        • Мюррей Эдвардс колледжінің жыл сайынғы конференциясы, 9 наурыз, Кембридж, Ұлыбритания;
        • Американдық білім беруді зерттеу қауымдастығы, 2018 жыл, 13-17 сәуір, Нью-Йорк, АҚШ;
        • 5-ші Орталық Азия зерттеу форумы, 2018 жыл, 23 наурыз, UCL, Лондон, Ұлыбритания;
        • Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Еуропалық конференция (ECER), 2017 жыл, 21-25 тамыз, Копенгаген, Дания;
        • Джон Дью 100 жылға толуымен байланысты өткізілген конференциясы 2016 жыл, 28 қыркүйек - 1 қазан, Кембридж, Ұлыбритания;
        • Мюррей Эдвардс колледжінің симпозиумы, 2016 жыл,  Кембридж университеті, Ұлыбритания.
        • Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы
          • Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы
          • Академиялық қызмет жөніндегі проректор

        Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы

        Позиция: Академиялық қызмет жөніндегі
        проректор

        Жұмыс телефоны: +7 727 237 00 12

        Еркін Жұманқұлова – педагогика ғылымдарының кандидаты. 2007 жылы «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеуге болашақ педагогтардың деонтологиялық дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертацияны қорғағаннан кейін «Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы педагогика доценті ғылыми атағы берілді.

        Еркін Жұманқұлова еңбек жолын Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы №23 мектепте математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

        Әр жылдары колледж оқытушысы, Павлодар қаласындағы «Балаларға арналған баспана» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде филология, журналистика және өнер факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент және деканның орынбасары, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу-әдістемелік қызметінің басшысы, Академиялық мәселелер жөніндегі басшы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.

        Еркін Жұманқұлова өзінің біліктілігін жүйелі түрде арттырып, ғылыми-практикалық конференцияларға үнемі қатысады.

        Ол «ЖОО үздік оқытушысы – 2009» атағының, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальдің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.

        БІЛІМІ:

        • Орта мектептің физика математика мұғалімі, бакалавр дәрежесі, Павлодар педагогикалық институты, (Қазақстан)
        • Психология, бакалавр дәрежесі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, (Қазақстан)
        • Жұмақұлов Закир Даниярұлы
          • Жұмақұлов Закир Даниярұлы
          • Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

        Жұмақұлов Закир Даниярұлы

        Позиция: Ғылыми жұмыс және халықаралық
        ынтымақтастық жөніндегі проректор

        Жұмыс телефоны: +7 727 237 41 42

        Закир Жұмақұлов – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын тәмамдаған. 2012 жылы АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде мемлекеттік саясат саласында магистр (MPP) дәрежесін алды.

        Еңбек жолын Назарбаев Университетінің кіші ғылыми қызметкерлігінен бастаған.

        2017-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жобалық менеджері, 2018-2021 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің ғылыми бағдарламалар бойынша директоры қызметтерін атқарған.

        Закир Жұмақұлов білім беру саласында ғылыми зерттеулерді үздіксіз жүргізіп келеді. Ол халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар саны мен олардың дәйексөздерімен өлшенетін ұлттық ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Elsevier тарапынан «Scopus Award Kazakhstan 2019» сыйлығымен, 2011-2015 жылдарда арналған жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарды жариялағаны үшін Thomson Reuters және Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы тарапынан тәуелсіз сыйлығымен марапатталған.

         

        БІЛІМІ:

        • мемлекеттік саясат магистрі (MPP), Мичиган мемлекеттік университеті, (АҚШ);
        • шет тілдер, бакалавр дәрежесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Қазақстан).

         

        ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

        • Қазақстан Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (KERA), (Қазақстан);
        • Салыстыру және халықаралық білім беру қауымдастығының мүшесі (АҚШ).

         

        ЗЕРТТЕУ АЯСЫ:

        • Ұйымдастыру мәдениеті және көшбасшылық
        • Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру
        • Білім беру саласындағы «кірме» саясаты
        • Адами әлеуетті дамыту
        • Жоғары білімді қаржыландыру

         

        ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ (ЛАРЫ):

        • Қазақстандағы жоғары оқу орындарынын интернационалдандырудың үздік тәжірибелерінің үлгілерін дамыту: 2014-2016 жж.
        • Студенттердің шетелде оқуын қаржыландыру факторлары: шетелде оқу ұлттық стипендиялық бағдарламаларын бағалау: 2013.
        • Интернационализация әлеуметтік-экономикалық жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жүйесін дамытудың стратегиялық факторы ретінде: 2011-2013.
        • Студенттік білім беру гранттары Қазақстандағы жоғары білімге қол жеткізу теңдігін арттыру құралы ретінде.

         

        БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ:

        • A. Mhamed, A. Ashirbekov, M. Hartley, D. Jonbekova, S. Kerimkulova, M. Mussabayeva, Z. Jumakulov (forthcoming) Institutional Motivations for Innovation: Factors Spurring Change at two Universities in Kazakhstan (Институциональные мотивации к инновациям: Факторы спосособствующие инновациям в двух вузах Казахстана)
        • D. Jonbekova, J. Sparks, Y. Serokova, Z. Jumakulov (forthcoming) Contribution of international education graduates to their home country: How government scholarship recipients are ‘giving back’ to Kazakhstan? (Вклад выпускников международных стипендиальных програм: Как обладатель стипендий «возвращают долг»?)
        • Jumakulov Z., Ashibekov. A, Sparks J., Sagintayeva A. (2018) Internationalizing Research in Kazakhstan Higher Education: A Case Study of Kazakhstan’s State Program of Industrial Innovative Development 2015 to 2019. Journal of Studies in International Education. First Published July 26, 2018, https://doi.org/10.1177/1028315318786445, SAGE Publishing.
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z. (2017) The contributions of the Bolashak Program to human capital development in Kazakhstan. In M.Hartley & A. Ruby (Eds.) Higher Education Reform & Development: The Case of Kazakhstan (p. 125- 140). Cambridge, UK:Cambridge University Press.
        • Parmenter L., Sparks J., Li A., Kerimkulova S., Ashirbekov A., Jumakulov Z. (2017) Internationalizing the Curriculum in Kazakhstan: Creatively responding to change. Сhapter in the book The Globalization of Internationalization, Internationalization of Higher Education book series, Routledge
        • Jumakulov, Z., Ashirbekov, A. (2016) Higher Education Internationalization: Insights from Kazakhstan. Hungarian Journal of Educational Research
        • Sparks J., Ashirbekov A., Li A., Parmenter L., Jumakulov Z., Sagintayeva A. (2015) Becoming Bologna capable: Strategic cooperation and capacity building in International Offices in Kazakhstani HEIs. Chapter in the book The European Higher Education Area: Between Critical Reflections and Future Policies. Springer International Publishing, P. 109-126.
        • Аширбеков А.К., Джумакулов З.Д. (2015) Реализация принципов Болонского процесса в Республике Казахстан. Доклады НАН РК. – 2015. - № 1. – C. 110-115.
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z. (2015) Understanding the human capital benefits of a government-funded international scholarship program: An exploration of Kazakhstan's Bolashak program, International Journal of Educational Development, №40. – P. 85-97.
        • Sagintayeva, A. & Jumakulov, Z. (2015) Human capital formation through study abroad programs: Five lessons from Kazakhstan’s Bolashak program International Higher Education, № 79, 21-23
        • Perna, L., Orosz, K., Goupal, B., Jumakulov, Z., Ashirbekov, A., Kishkentayeva, M. (2014) Promoting Human Capital Development: A Typology of International Scholarship Programs in Higher Education, Educational Researcher, № 43(2), 63-73. http://link.springer.com/article/10.1007%2Fs10734-014-9767-4   
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z., Ashirbekov, A., Kishkentayeva, M. (2015) Understanding the Programmatic and Contextual Forces that Influence Participation in a Government-Sponsored Student-Mobility Program, Higher Education, № 69(2), 173-188
        • Даирова К.Н., Джумакулов З.Н., Аширбеков А.К. (2013) Government Support for Student Mobility: Case of Kazakhstan’s international Scholarship Program, Conference proceedings of Eurasian Higher Education Leaders Forum Conference Proceedings, P. 92-101.
        • Аширбеков, А., Джумакулов, З., Лисняк, С. (2013) Определение факторов участия казахстанских студентов в международных стипендиальных программах. Вестник КазНУ, №3(40), C.37-45.

        КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ МЕН ҚОНАҚ РЕТІНДЕ БЕРГЕН ДӘРІСТЕРІ:

        • 2021, 27 апреля, презентация статьи “Contribution of international education graduates to their home country: How government scholarship recipients are ‘giving back’ to Kazakhstan?”на виртуальной конференции Сообщества сравнительного и международного образования (CIES)
        • 2020 - выступление на тему “Философия и будущие модели университетов” на онлайн круглом столе “Конкурентоспособность высшего образования Казахстана”, в рамках проекта отраслевые лидеры перемен
        • 2018, 17-18 мая, выступление на тему “Трудовые и социальные конфликты в Казахстане: полученные уроки” на конференции Нетрадиционные риски и вызовы безопасности в Центральной Азии Академия ОБСЕ, Бишкек, Кыргызстан
        • 2016, Сентябрь- презентация на тему “Студенческие образовательные кредиты как инструмент повышения справедливого доступа к высшему образованию”, круглом столе “Все равны: но некоторые более равнее”, Астана
        • 2016, 22-24 октября, конференция 12th QS Asia Pacific Professional Leaders in Education, Путраджая, Малайзия
        • 2016, 22-24 августа, презентация статьи “Характеристика внутренний студенческой мобильности: кейс Казахстана” XVI World Congress of Comparative Education Societies, Пекин, Китай
        • 2015, 7-11 сентября - презентация статьи “Мотивация, ожидания и опыт международных студентов выбравшие Казахстанские вузы” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Будапешт, Венгрия
        • 2014, 1-5 сентября, презентация статьи “Вызовы для новых подписантов Болонского Процесса: опыт Казахстана” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Порто, Португалия
        • 2013, 17-19 декабря, презентация статьи “Международная стипендиальная программа Казахстана Болашак” Конференция университетов BRICS “Развивающиеся страны:фокус на университеты” Москва, Россия
        • 2013, 9-13 сентября, презентация статьи “Роль международных стипендиальных программ в развитие человеческого капитала в странах с переходной экономики” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Стамбул, Турция
        • Рысбекова Жанар Қасымбекқызы
          • Рысбекова Жанар Қасымбекқызы
          • Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

        Рысбекова Жанар Қасымбекқызы

        Позиция: Стратегиялық даму және әлеуметтік
        жұмыс жөніндегі проректор

        Жұмыс телефоны: +7 727 237 01 01

        Жанар Рысбекова – заң ғылымдарының кандидаты, құқық магистрі. Ол – «ISO-21500 Жобалық менеджері – Жобаларды басқару» бойынша және «ISO 37001 «Anti Bribery management systems» (Парақорлықпен күрес жүйесінің менеджменті)» бойынша  сертификатталған аудитор.

        Жанар Рысбекова еңбек жолын жоғары оқу орнының оқытушылығынан бастаған.

        Әр жылдары жоғары оқу орнының доценті, профессоры, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

        2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша офицері – кеңес беру орталығының басшысы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметтерін атқарған.

        2018-2021 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы лауазымында еңбек етті.

        «Құқық тәртібіне қосқан үлесі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

         

        БІЛІМІ:

        • Мелориация жұмыстарын механикаландыру, бакалавр дәрежесі, Жамбыл гидромелориация құрылыс институты, (Қазақстан);
        • Құқықтану, бакалавр дәрежесі, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, (Қазақстан);
        • Юриспруденция магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, (Қазақстан).