Халықаралық ынтымақтастық

    • Халықаралық ынтымақтастық бұл - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.

      Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ҚазҰлтҚызПУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Польша, Франция, Қытай, Болгария, Малайзия, Оңтүстік Корея, Моңғолия, АҚШ, Литва, Испания, Ұлыбритания және т.б 70-тен аса елмен, ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды.

      Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқасында ҚазҰлтҚызПУ студенттері мен оқытушылар құрамы АҚШ, Түркия, Польша, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей Федерациясының серіктес университеттеріне оқуға барудың ерекше мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда ҚазҰлтҚызПУ - «Эразмус +», «Мевлана» сияқты халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларының белсенді қатысушысы.

      Сонымен қатар, АҚШ (Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті), Түркия мемлекеті (Нийде Омер Халисдемир Университеті), Польша Республикасы (Катовицедегі Силезия Университеті) және Ұлыбритания (Лондон Батыс Халықаралық Колледжі) университеттерімен қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша келісімшарт аясында біздің университет студенттері білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтіп, қос дипломға ие бола алады (ҚазҰлтҚызПУ дипломы + Шетелдік серіктес университет дипломы).

      Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің негізгі қызметтері:

      • шетелдік серіктестермен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу, жасау және жүзеге асыру;
      • халықаралық гранттар, стипендиялар туралы ақпарат дайындау және ұсыну;
      • сыртқы академиялық ұтқырлық және қосдипломдық білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру;
      • шетелдерден ПОҚ шақыру және ғылыми қызметке тартудағы өзара іс-қимыл;
      • университеттің құрылымдық бөлімшелері мен студенттеріне халықаралық ынтымақтастық бойынша кеңес жүргізу;
      • шетелдік серіктестердің қатысуымен конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер дайындауға көмек, хаттамалық қолдау.