Жасыл ел

    • «Жасыл ел» – еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы. Сол жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының республикалық штабы өз жұмысын бастаған болатын.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметі он жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс жасап келеді.

      Жасақта 1-4 курс аралығындағы еліміздің жасыл экономикасына шынайы жаны ашып, көркейіп көтерілуіне аса ниетті студенттер жиналған. 

      «Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты:

      Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

      Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.    

      Үшіншіден, Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.

      «Жасыл ел» жастар ұйымының міндеті:

      Жасыл аймақтар мен қалалар, елді-мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысу. Елді-мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалау, суғару, әктеу, көріктендіру.

      Бүгінде «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды.

      Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды». Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/442650-zhasyl-el-zhastar-e-bek-zhasa-yny-ryl-anyna-15-zhyl-toldy

      Университеттің 70 студенті «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрамында тіркеліп, маусымдық жұмыстарды өз деңгейінде  атқарды. Командир – Физика-математика факультетінің 3 – курс студенті Ибадуллаева Нағима Қайратқызы.

      Алдағы уақытта да өз елінің патриоты ретінде айналаны көгалдандыруға, қаламыздың аудандары мен ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорт кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға ниетті жасақ ретінде атсалысатын болады.

      Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының бір мүшесі ретінде «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымдық жұмыстарды атқару барысында студент жастар тегін жайлы жатын орындармен, арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Университет мейірбикесі олардың денсаулық жағдайы, дене қызуы, қан қысымын өлшеп, ауырған білім алушылар болса шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізеді.  

      Жұмыстан бос уақыттарын тиімді өткізіп, ширату мақсатында түрлі жаттығу түрлері мен спорттық жарыстар мен мәдени-тынығу шаралары да өткізіліп тұрады.  

      «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрамындағы студенттер жөндеу-құрылыс жұмыстарына сондай-ақ, волонтерлық көмек ретінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын отбасыларға өз қызығушылықтары негізінде көмек көрсетеді.

      Бүгінге дейін «Жасыл ел» еңбек жасағының командирі Педагогика және психология институтынң студенті Құндызай Басыбек республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының қорытындысы бойынша «Үздік командир» номинациясын жеңіп алды. Биылғы жылы жасақ «Фирма ЛЭУ» ЖШС мен келісім-шарт негізінде маусымдық жұмыстарын атқарды.

           Мекен-жайы: Гоголь көшесі №114 №1 оқу корпусы, 121 кабинет

      +7 702 972 84 83. +7 776 650 94 32

      Жастар еңбек жасағының әлеуметтік желідегі парақшасы:  @qyzpu_jasylel_kz

      Атқарылған жұмыстар есебі:

      https://www.instagram.com/p/CARtwu9nUpG/?utm_source=ig_web_copy_link

      https://www.instagram.com/p/B4Uk8MvHLf8/?utm_source=ig_web_copy_link

      https://www.instagram.com/p/CA6yr7VnxS1/?utm_source=ig_web_copy_link

      https://www.instagram.com/p/CAm3Pk2nNrn/?utm_source=ig_web_copy_link

      https://www.instagram.com/p/B4j1-hEnnyn/